Дулат Бабатайұлы


Дулат Бабатайұлының өлеңдерінің ерекшілігі



бет2/14
Дата12.04.2022
өлшемі45,37 Kb.
#139059
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
1 а.б. тапсырмасы. Ақын жазушылар ерекшеліктері

Дулат Бабатайұлының өлеңдерінің ерекшілігі
Дулат - жыраулық мектептен шығып, ақындық мектепті күшейткен суреткер. Бұл - жыраулықтың төмендігінен, әлсіздігінен емес, заман талабынан туған бетбұрыс. 19 ғасырдағы қазақ поэзиясы үшін енді өлең арқылы ақыл-насихат дидактикалық сипат пен заман, қоғам, адам туралы жалпы философиялық толғаныстар аздық етеді. Еңдігі жердегі поэзиядан нақтылыққа көшіп, заманға ілесіп отыру, жалпы насихаттан гөрі сынау, күйіну, сүйіну сияқты нақты суреттерге бару талап етіледі. Дулатты кейде, тіпті, жырау деп атағанымен және сырт қарағанда өлең-жырлары 7-8 буынды жыр өлшемімен келгенімен, ол жырау емес, ақын. Өйткені, құрылымдық және тақырыптық бітімі жағынан Дулаттың өлеңдері бұрынғы жырауларды былай қойғанда, тіпті кешегі Бұхар толғауларынан, одан қалды езімен тұстас ақындардың туындыларынан мүлде өзгеше құрылған дүниелер. Жазба поэзияның өлең әдісі ауызша дамыған өлең-жырлардан ерекшеленетін болса, сол өзгешеліктің бірі - шығарманың белгілі мақсатпен ажыратылатын ірі бөліктерге, ғылым тілімен айтқанда, шоғыр (тирада) дегендерге бөлінуі. Әр бөлік бір шағын идеяны (тақырыпты) білдіруі шарт, сонымен қатар әр бөлікті шоғыр етіп тұратын құрылымдық белгілері болуы қажет. Шоғырлардың тармақ сандары біркелкі болмайды және әр шоғырдың соңғы жолындағы ұйқас өзге шоғырлардың ең соңғы жолындағы ұйқаспен бірдей түсіп, сол елеңді тұтас дүние етіп құрастырып тұруы керек. Демек, өлеңдегі шумақ пен шоғырды шатастыруға болмайды: шумақ - қазақ поэзиясы құрылымында бұрыннан бар тәсіл, оның тармақ сандары біркелкі болады. Өлеңді шоғырларға бөліп құрастыру тәсілі қазақтың ауызша дамыған өлең-жырларыңда жоқ. Ол - жазба әдебиетке тән өлең құрылымы. Бұл құрылым қазақ поэзиясында Дулаттан басталады. Ақынның «Тегімді менің сұрасаң» деп басталатын өлеңі 6 шоғырдан тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет