Дулат Бабатайұлы


Біржан салдың өлеңдерінің ерекшелігі



бет14/14
Дата12.04.2022
өлшемі45,37 Kb.
#139059
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
1 а.б. тапсырмасы. Ақын жазушылар ерекшеліктері

Біржан салдың өлеңдерінің ерекшелігі
ХХ ғасырдың заңғар жазушысы Ғ. Мүсіреповтің «кейде ақынның балалығына таң қаларсың, кейде ақынның даналығына таң қаларсың; Ақын – қыран, қияға да қонады, ақын – адам, далаға да қонады. Ақын бойын да жасыра алмайды, ойын да жасыра алмайды» деуі сөз шеберлері - ақын, сал-серілердің ішкі жан дүниесіне үңілдіреді. Көкшетаудың көгінде көкке шалқыған Ақан сері, Укілі Ыбырай, Балуан Шолақ сынды заңғарларымыздың қатарында қазақ поэзиясы мен өнерінің тарихында орны ерекше, даңқты халық композиторы, асқан әнші, дарқан ақын Біржан сал да бар. Қазақтың халықтық музыка мәдениетінің алыбы атанған Біржан сал – әдемі сөздің зергері, әсем әннің шебері. Оның есімі мен тамаша шығармалары қалың бұқараның сүйіспеншілік құрметіне бөленіп, бүгінгі түрі ұлттық, мазмұны жаңа асыл қазынамызға айналуда. Қазақ халқының әншілік өнерін толыстырып, байытып, соны белеске көтере алған әйгілі композитор Біржан сал бәрінен бұрын қалың қазағы үшін– күміс көмей әнші, ақындығы мен серілігі жарасқан тұлға. Әрбір үлкен дарын иесі сияқты, ол қазақтың ән өнеріне өзіндік өрнек салып, өзіндік дара ән мектебін орнықтырып кетті. Өзі ғұмыр кешкен заманның тарихиәлеуметтік ахуалы, салт-дәстүрі, адамгершілік-ізгілік қасиеттері, әсіресе, адам сезімінің алуан толқыныстары оның әндері арқылы сұлу сөзбен, асқақ рухпен бедерленіп отырады.
Бірде ол:
Созады Біржан дауысын қоңыр қаздай,
Басқаға бір өзіңнен жүрмін жазбай,
Жиылысы жандаралдың болады деп,
Жанбота, тынышымды алдың ала жаздай - деп өз жүрегін
кернеген күшті дауысын сампылдаған «қоңыр қаздың дауысымен» астастыра отырып, өз абырой-атағы үшін Біржанды бауырына тартып, жеке үй тігіп беріп, басқалардан қызғыштай қорғап, жиынға өзімен бірге алып келіп, қызғанып жүретін Жанбота болысты сөз еткендігін аңғартса.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет