Дулат Бабатайұлы



бет7/14
Дата12.04.2022
өлшемі45,37 Kb.
#139059
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
1 а.б. тапсырмасы. Ақын жазушылар ерекшеліктері

Сүйінбай Аронұлы
Сүйінбай Аронұлы − әйгілі ақын, айтыс өнерінің майталманы. Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Қарақыстақ елді мекенінде 1815 жылы дүниеге келіп, сол атамекенінен 1898 жылы топырақ бұйырған.
Сүйінбай айтыскер ақындығына қоса эпикалық жырлардың асқан шебері болған. Елдік мұратты көксеп, бастарын бәйгеге тіккен Өтеген, Қарасай, Сұраншы, Саурық батырлар туралы көшелі жырлар шығарған. Ал, Қатаған ақынмен, Тезек төремен арадағы айтыстары айтыс өнерінің тамаша үлгілері болып саналады. Сүйінбайдың шешендік тапқырлықтары, ғибратты нақылдары, сондай-ақ әлеуметтік-психологиялық сықақ өлеңдері оның заманы мен қоғамына белсене аралсып отырған сергектігін білдіреді. Әйгілі Жамбыл ақын: «Менің пірім Сүйінбай, Сөз сөйлемен сыйынбай...» деп, оны өзіне ұстаз тұтқан.
Сүйінбай ақынның баласы Майлыбай бірде қолына бөктергі қондырып келе жатып, әкесінің көзіне көрінсе керек. Сонда Сүйінбай:
«Майлыбай, қолыңдағы бөктергі ме?
Құдайым қаршығаны көп көрді ме?
Лашын мен көк тұйғынның бірін алмай,
Саған сол-ақ болады деп берді ме?», − деген екен
Тарихи деректерде Қоқан хандығы шапқыншылығының әсерінен жан-жаққа бытырай көшіп, қиын-қыстау кезеңде (1840 – 1860) іргесі ыдыраған қазақ руларының басын біріктіруде Сүйінбай мен Сарыбай бидің ықпалы зор болғандығы айтылады. Осы тұста ақын халықты қоқандықтарға қарсы тұрып, тәуелсіздік үшін күресуге шақырды.“Өтеген батыр”, “Саурық батыр”, “Сұраншы батыр”, “Жабай батыр”, “Қарасай батыр” сияқты толғаулар шығарды. Аумалы-төкпелі қоғамда өмір сүргендіктен, Сүйінбай сал-серіліктен гөрі қоғамдық-әлеуметтік істерге белсене араласқан. Өлеңдерінде Қоқан билеушілері мен жергілікті әділетсіз сұлтан, төрелерден, бай-болыстардан жасқанбай, турасын айтып отырған. Әсіресе, ақын Тезек төремен, қырғыз ақыны Қатағанмен айтыстарында, сондай-ақ “Датқаларға”, “Үмбетәліге”, “Төрт биге”, “Момын малын зұлымға алып беріп”, т.б. өлеңдерінде қиянатшылдықты, озбырлықты аяусыз сынға алған. Оның шешендік нақылдары, болыс-билерге арналған сықақ өлеңдері (“Мақсұтқа”, “Қасымға”, “Болыстарға баға”, т.б.) сaқталған.
Қазақ халқының тарихи-қоғамдық даму сатылары мен өткен ғасырлардағы өмір шындығы ақын шығармаларында жан-жақты көркем суреттелген.[2] Сүйінбай поэзиясы терең философиясымен, ой сұлулығымен, ақын тіліндегі соны поэтикалық өрнек-айшықтарымен ерекшеленді. М. Әуезов Сүйінбайды “айтыс өнерінің алтын діңгегі” атаған. Қазақ халқы әділет үшін күресте қорғаушысы, жақтасы болған ақиық ақынның өлең, толғау, айтыстарын күні бүгінге дейін сақтап, “Сүйінбай осылай деген” деп әрдайым зерделерінде тұтқан. Сүйінбайдың айтыстары мен өлең-толғауларын жинау, жариялау ісі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алына бастады. 1920 жылы Түркістан АКСР-і халық ағарту комиссариаты жанынан құрылған қырғыз (қазақ) ғылым комиссиясы ауыз әдебиеті үлгілерін жинау мақсатында Сырдария, Жетісу облыстарына экспедиция ұйымдастырып, этнограф ғалым Ә.Диваев Сүйінбайдың өлең-толғауларын, айтыстарын жазып алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет