Дулат Иcабек: «президентпен әҢгімеде не айтылмады дейсің?»


Дулат Иcабек: «ПРЕЗИДЕНТПЕН ӘҢГІМЕДЕ НЕ АЙТЫЛМАДЫ ДЕЙСІҢ?» 14.07.2017



бет2/3
Дата05.08.2020
өлшемі73,14 Kb.
#76052
1   2   3
Байланысты:
Д.Исабеков

Дулат Иcабек: «ПРЕЗИДЕНТПЕН ӘҢГІМЕДЕ НЕ АЙТЫЛМАДЫ ДЕЙСІҢ?» 14.07.2017
ПРЕЗИДЕНТТІҢ АЛДЫНДА АЙТҚАНЫМНЫҢ БӘРІ КӨРСЕТІЛМЕДІ…
Жақында төрт томдық таңдамалы шығармалар жинағым шығып, Мәскеуде болып қайттым. Қазақтың талай жазушылары білім алған М.Горький атындағы әдебиет институтында тамаша кездесу өтті. Ондай кездесу Қазақстанда болып көрмеген шығар. Орыстың небір жазушылары мен журналистері келді. Кешті кітабым басылып шыққан әлемге әйгілі баспа “Художественная литератураның” директоры Г.В.Пряхиннің өзі жүргізіп отырды. Кездесуде талай әңгіме айтылды. Бұл туралы орыс, қазақ газеттері жарыса жазды. Әсіресе, орыс газеттерінің жазғаны көңілімнен шықты. Қазақтар секілді жалпы мақтай бермейді. Біздер мақтасақ, аспанға көтеріп, Құдайға жеткізіп қоямыз. Жамандасақ, таптап, топыраққа аунатып тастаймыз ғой. Бізде орта жоқ. Мәселен, «ұлы жазушы» деген пікірге де қарсымын. Қазақта Абай мен Әуезовтен басқа ұлы жоқ. Қалғанының барлығы «аса көрнекті ақындар», «көрнекті жазушылар», «белгілі қаламгерлер» болып кете береді. Мені де бір жерге «ұлы жазушы» деп жазып қойыпты. Оған қарсымын. Кеше газеттердің бірінен өзім бағалайтын бір ақынды «Абайдың мұрагері» депті. Сөзді осылай оңды-солды шаша салуға бола ма? Мұрагер – адамның артында қалған дүние-мүлкіне ие болатын адам. Ал «рухани мұрагері» немесе «Абайдың дәстүрін жалғастырушы» десе әңгіме басқа. Баяғыда Герольд Бельгердің тірі кезінде, кітапханада 80 жылдығы аталып өтті. Сонда бір ақын әйеліміз тұрып: «Бұл – пайғамбар, бұл – құдай» деді. Сонда Бельгердің өзі басын шайқап: «Қазақтар-ай, айтасыңдар-ау, ал айтыңдар», – деді. Тіпті ұялдым. Құдай – мұсылман үшін біреу-ақ. Пайғамбар да солай. Қалғанымыздың бәріміз – пендеміз. Біреуді мақтасақ, «қазақ музыкасының пайғамбары», «қазақ поэзиясының пайғамбары» немесе «сөздің пірі» дейміз. «Сөздің пірі – Сүйінбай» деген де тіркес бар. Бір адам сөздің пірі бола алмайды. Рас, ол Жамбыл үшін пір болуы мүмкін. Солай болды екен деп басқалары да сыйынуы керек пе? Сүйінбайдың өзі де жай адам емес пе? Сол секілді кезінде Олжас та «Адамға табын, Жер енді!» деп ұрандатты. Осы поэма мен бірінші курста оқып жүргенде шықты. Бүкіл акт залы алақайлап жатқанда мен қарсы болдым. Жаңа туған сәби анасына: «Ана, сен маған табын» деп қалай айта алады? Қасиетсіздік қой», – деп едім, мені ала қарғадай қылып, аудиториядан қуып шыққан. Осы сөзден олар енді ғана бас тартты. Жерге «маған табын» деп айтуға болмайтынына көз жетті. Олжастың өзі поэмасының атын өзгертті. Бізде осындай кереғарлықтар бар. Ал Мәскеу сыншылары артық сөзге бармайды. Әсіресе Мәскеуден шығатын «Литературная Россия» газеті менің шығармашылығым туралы өте жақсы мақала басты. Дулат Исабеков туындылары несімен құнды екенін жіліктеп тұрып жазды. Жазушылар, әдебиетшілер сөйледі. Осындай кездесулер көңіліме қонады. Сосын күні кеше ғана Қытай қазақтарына байланысты пресс-конференция өтті. Сонда сөз сөйледім. Қытай қазақтарының жағдайы өте нашар екен. Қысым көрсетіліп жатқан көрінеді. Егер бір отбасы осында көшіп келетін болса, отбасының бір мүшесін алып қалады. Осында келіп алғандарды қайтадан шақырып алған. Бармайын десе, сол жақтағы туыстарына қысым көрсетіп, түрмеге жауып тастап жатыр. Баяғыда «екі жүректілер» дегенді шығарған еді, енді «екібеттілер» дегенді шығарыпты. Түрлі сылтаумен түрмеге тоғытып, төлқұжаттарының барлығын жинап алған көрінеді. Көпшілігі үйлерін сатып, далада қалған. Не істерлерін білмей, біздің Президентке де хат жазыпты. Ең сорақысы, Қытай «олармен қарым-қатынас жасауға болмайды» деп Қазақстанды 26 қауіпті мемлекеттің қатарына қосып қойған. Ал сөйтіп келіп, ЭКСПО-ның ашылу салтанатына келгенде Қытай басшысы Назарбаевпен құшақтасып, сөйлесіп «Өз үйімде жүргендей сезінемін», – дейді. Бұл сөздің ар жағында не тұр? Осыған қазақ мән бере ме, жоқ па? Әлі күнге дейін мән бермейміз. Несие алып, той жасап, баламызды үйлендірсек, соған мәзбіз. Егер алтыннан жаңбыр жауып тұрса, оған қуанбаймын. «Неге жауып тұр?» деп ойланамын. Ертеңіне қайтымы болатынын білемін. Шетелден инвестиция келсе, мәз боламыз. Мен қуанбаймын. Өйткені, оның да қайтымы бар. Тегіннен-тегін нәрсе болмайды. Әсіресе, қытайдан қарыз алуымыз – өте қауіпті. Олар ақшаны қайтып алғанды қаламайды, оларға кәсіпорын, жер керек. Қытайдың 51 зауыты көшіп келейін деп жатыр. Осы бейғам қазақтың намысына тие ме, тимей ме? Қалай 8 сағат тыныш ұйықтайды?! Олардың әкелетіні экологиялық жағынан әбден зиянды зауыттар. Ал 51 зауытқа 1000 қытайдан келгенде, 51000 қытай келеді. Олар зауыттарын салып, кете қояды деп ойламаймын. Қыздарымызға үйленеді. Өзге ұлтқа тұрмысқа шығып жатқан қыздардың да жағдайын түсінемін. Базарда тәшкі сүйреп жүрген қазақ жігіттеріне қалай тұрмысқа шығады? Ауыл қирап қалды. Мыңдаған форум, жүздеген саммиттер өтіп жатады. Содан ауылға пайда бар ма? Күні кеше экономикалық форум өтті. Одан ауылдың керемет боп кеткенін көрген жоқпын. Мен білетін ауылдар сол қалпы. Сол – жұмыссыздық. Жұмыссыз жастар қайда барарын білмей, сеңдей соғысып жүр. Кейбірі ұрлық қылады, түрмеге тоғытылады. Міне, осылардың бәрі жазушының жүрегіне қанжардай қадалады. Айтсаң, айтқанның аузы – жаман, жыласаң, жылағанның көзі – жаман. Айтпайын десең, іш қазандай қайнайды. Айтамыз, кейде жек көрінішті боламыз.

– Дулат аға, жақында Елбасы қазақ зиялыларымен кездесті. Арасында сіз де барсыз. Видеоны көрдік. Көп дүниені Президенттің өзіне тікелей айтуға мүмкіндігіңіз болды ғой. Талай ойды іркіп қалғандай көріндіңіз. Әлде халықты толғандырып жүрген мәселелер сөз болып, монтаждалған кезде қысқарып кетті ме?



– Газет-журналдардан «Исабеков Президенттің алдында түк айтпады ғой» деген пікірді мен де оқыдым. Қарсы жауап та бердім. Айтуын айттық қой, оның бәрі көрсетілмеді… Екі жарым сағатқа созылған әңгімеде не айтылмады дейсің, бәрі айтылды. Мақтанғаным емес, өткір пікірді мен ғана айттым. Бексұлтан өз ауылындағы Орбұлақты, Қастеевті, Жаркенттегі көшелердің аттарын өзгерту сияқты жергілікті мәселелерді ғана көтерді. Смағұл Яссауи, сопылық туралы әңгіме қозғады. Ал мен болсам: «Бұрын өзіңізге айтқан мәселені қайталап айтамын. Елімізге қытай көп келіп жатыр. Бізге Ресейден гөрі Қытай қауіпті. Халқының саны 145 миллионды құрайтын Ресеймен араласып жүргенімізге 300-400 жыл болды. Ал халқы 1,5 млрд Қытай – соғыссыз, күлкімен ғана басып алатын мемлекет. Қазақ өз жерінде отырып мұнайымызға келген қытайдың құлына айналып бара жатыр. Оларға кеңдікті көптеп беріп қойғанбыз. Екіншіден, демография – ушығып тұрған мәселе. Өзбектер 32 млн. болды. Өзбектей болмасақ та, 20 млн-ға жетсек, қазақ тілінің мәселесі өзінен-өзі шешіліп кетер еді. Өзбектер біздің тіл мәселесін көтере беретінімізге таңғалады», – дедім. Содан кейін, латын тілі туралы көбірек айтылды. Өту керек пе, жоқ па? «Сіздің идеяңызды қостайық, бірақ оның арғы жағында не тұр? 100 жыл ішінде орыс алфавитімен талай тарихымыз жазылып қалды. Оның бәрін кім көшіріп береді? Бұл да қиын мәселе. Содан соң, ауылға деп жыл сайын бірнеше млрд ақша бөлінеді. Менің ауылым сол күйінше, Нұреке. Жылына екі-үш рет барамын, ешқандай өзгеріс жоқ. Қырғызда ешнәрсе жоқ дейміз, бірақ тіршілігіміз бірдей. Неге бензин Қырғызстанда Қазақстанға қарағанда арзан? Олар астық өндірмейді, бірақ наны біздікінен арзан. Бішкегінде де бір баға, Қарабалта деген шалғай өңірінде де бір баға. Нарық, жеке меншік дейміз, арасы 150 метрлік екі заправкада екі түрлі баға. Мұның бәрі қандай жүгенсіздік? Сіз базарды аралағанда бәрін арзан етіп қояды, сіз кеткен соң баяғы қымбат бағаға өзгертеді. Сізге жалған ақпарат беретін штаттағылардан өзге тұрақты қоғамдық комиссия құру керек. Орташа жалақы дегенді қайдан шығарып алдық? Егер орташа жалақыға сенер болсақ, әр адамның жалақысы 250-300 мың болар еді. Менің айлығым – 110 мың. Келінім – ғылым кандидаты, 90 мың алады. Ал ортақ жалақыны банкирлер мен депутаттардың, Самұрық қазынада істейтіндердің айлығынан шығарады. Бұл нағыз өтіріктің өзі ғой! Неге өз елімізде емделмей шетелде емделеміз? Қазақстан үлгілі мемлекет дейміз, осы жағынан неге үлгі алмаймыз? Неге жеңіл өнеркәсіпті дамытпаймыз? Неге өндіріс орындарының бәрі шетелдіктердің қолында? Бұрын Кеңес үкіметі кезінде шетелден көшіп келген қазақтар мал бағатын. Қазір ондай мал жоқ. «Дипломмен ауылға» деген ұран құлағыма кірмейді. Ал мысалы, мен бітірдім. Дипломмен ауылға барамын, ол жерде не істеймін? Менің ауылымда 8000 адам тұрады. Аудан орталығымен бірдей. Жұрттың барлығы жекеменшік фермерлік шаруашылықпен айналысып жатыр. Сырттан барған адамға айлық керек, жағдай керек. Оны алып не істейді? Ауылдағы мұғалімдердің өзі мектепке әрең орналасады. Ашығын айтайын, өзім бір адамды орналастыру үшін, абыройымды салдым. Менен ұялғанынан әрең алды. Бірақ маған айтпа деп, орналастырған адамымнан 400 мың теңге алыпты. Міне, осындайлардың бәрі ұлтымызды бұзады», – дедім.

– Бұл айтқандарыңызға Президент қалай жауап берді?

– Бәріне дұрыс жауап береді ғой. «Қытайлықтардан қорқуға болмайды, олардың әрбір адамы менің блокнотымда жазылған. Жұмыстарын бітіреді де, кете береді», – деді. Сосын мен: «Нұреке, қазақтың бәрі бастық болғысы келеді. Бір үйдегі бес баланың бесеуі де академияға түседі, университеттерге оқуға тапсырады. Соңында бәрі жұмыссыз жүреді, сауда жасайды. Сондықтан Кеңес Үкіметі кезіндегідей түрлі мамандық алып шығатын училище, колледждерді көбейтуіміз керек. Монтер, электрик секілді мамандықтар беретін айлық, жылдық курстар ашу керек. Жұмысшы табы қалыптаспай, мемлекет болмаймыз. Қазір теледидарың бұзылып, маман шақырсаң, орыс келеді. Тоңазытқыш жөндеуге де орыс кеп тұрады. Осының бәрін қазақ үйренетін кез келді. Содан соң сырттан келген қазақтарды орналастыру мәселесін қолға алу керек. Бұрын жақсы еді, қазір бұл мәселе тоқтап қалды. Көптеген қазақ осында жүріп-жүріп, мал қора таба алмай, квотасын ала алмай, жинап әкелген ақшасының бәрін жеп қойып, Моңғолияға қайтып кетіп жатыр. Қайта Монғолияға рахмет, оларға азаматтығын қайта берді. Ал азаматтығын бермесе қайтеді? Міне, осының бәрі шешімін табуы тиіс мәселе. Шетелдегі қазақтарымызды оңтүстікке қоныстандыра бермей, 2 млн егістік жері бар Павлодар секілді аймақтарға орналастыру қажет. Оларды жан-жаққа шашып-шашып тастамай бірге қоныстандырған жөн. Солай үйренісіп, кірігуі керек. Әйтпесе, жергілікті қазақтар арасына барса, Қытайдан келгенді «қытай» деп, Моңғолиядан келген қазақты «моңғол» деп естерін шығарады, мазақтайды. Баяғыда Ираннан көшіп келген қазақтартың түркістандықтармен араласып кеткені есімде. Өздері орысша білмейтін, онымен қоймай біздің қазақтың көрсетпегені жоқ, кілемдерін ұрлап, базарға барса сабап, заттарын тартып алып жүрді. Әйтеуір, қиындыққа көніп, қазақтың бір елі болып кетті ғой. Кеңес Үкіметінің кезінде, 1962 жылы, мына Қабдеш Жұмаділов бір айда 200 мың қазақты бастап өтті. СССР-дың КГБ-сы қандай қатал? Сондай қаталдыққа қарамастан, оларға сенім артты, қолдарына жұмыс берді. Ал біз басымызда егемендігіміз бола тұра, оларға жансыз деп қарайтын сияқтымыз. Қазір азаматтық алу үшін 4 жыл бойы жұмыс істеуі керек екен. Төрт жыл қалай күн көреді? Бір ғана квотамен берілген бір 50-60 мың теңге неге жетеді? Сіз 17 млн қазаққа ғана емес, сыртта жүрген 11 млн қазаққа да Президентсіз. Солардың бәрін бауырға басу керек, ішке тарту керек. Бізде ұлттық кадрлар неге жоқ? Анау Илья Ильинді айтамыз, оған мен қуанбаймын. Өйткені, ол менің қаным емес. Мен қазақтан шыққан Дәулет Тұрлыхановқа, Бекзат Саттархановқа қуанам. Сіз оған ренжімеңіз. Мен солай жаралғанмын. Сіз де ішіңізден сөйтіп ойлайтын шығарсыз», – деп ойымдағының бәрін айттым. Елбасының өзі де «Сыртта күңкілдегеннен гөрі осында ойларыңды ашық айтыңдар, үшеуіңді сол үшін шақырттым», – деп басынан ескерткен еді.

– Оны да сұрадық. «Ертең өзге жазушылар өкпелейді. «Неге бөліп алды?» деп бір ұшы сізге де тиеді. Неліктен үшеумізді таңдадыңыз?» – дедік. Президент: «Үшеуіңді бекер шақырып отырған жоқпын, пікірлерің бар адамсыңдар. Бексұлтан Тәуелсіздіктің 25 жылдығына сәйкес Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болды. Содан кейін шақырдым. Cмағұлдың романы Америкада ағылшын тілінде жарық көрді. Сол үшін шақырдым. Ал сен болсаң, Англияға жол ашып жатырсың. Қазақ пьесасы тұңғыш рет ағылшын сахнасында қойылды. Мақалаларыңды, сөздеріңді тыңдап тұрамын. Осыдан кейін шақырып отырмын», – деп жауап берді.


ЖАЗУШЫЛАРЫМЫЗ КІТАП ОҚЫМАЙДЫ, ОҚЫСА ДА КӨҢІЛГЕ ТҮЙМЕЙДІ

– Әдебиетке қатысты қандай да бір мәселелер көтерілді ме? Әдебиет төңірегінде қандай пікірлер айтылды?

– Оған бұрыла алмадық. Тұрар Рысқұловтың «оқу-ағартуды кейін айтармыз, әзірге қазаққа нан керек дегеніндей» әдебиетті бір нәрсе қылармыз дестік. Ұлттың мүддесін ғана әңгіме еттік. Ойымды айтып-айтып келіп, арасында әзіл де қоса кеттім. «Сізбен сөйлескенде Президент екеніңізді ұмытып кетемін», – десем, «Қайда есіңе түседі?» – дейді. «Үйге барып, теледидар қосқанда есіме түседі», – деп еді, шек-сілесі қата күлді. Жұрттар бара салып жағадан алу керек деп ойлайды. Жоқ, бір елдің патшасына олай айтуға болмайды. Пікіріңді сипалап, мақтамен бауыздағандай қылып жеткізу керек. Соның өзі оңай тимегені анық. Бірде қызарып, бірде бозарып отырып тыңдады. Әйтсе де, пікіріміздің бәрін қолдады. Рухани жаңғыруын қолдайтынымызды білдірдік. Баяғыдан күткенімізді айттық. Үш тілдікті қолдамаймыз дестік. Бастауыш таза қазақша оқылуы керек, ары қарай 40 тіл біле ме, 70 тіл біле ме, баланың өзі білсін.
– Билік басында жүрген шекпенділердің қайсымен жақсы араласасыз? Олардың арасында достарыңыз бар ма?

– Әрине, бар. Иманғали елші боп кетті. Ең сырласымыз сол еді. Қасымжомарт Тоқаевпен көп араласқан жоқпын. Сырттай өте қатты жақсы көрем. Кеше ғана кітабымды жібердім, өзі сұраған екен. Қазіргі Атырау облысының әкімі әдебиет пен мәдениетке жақсы сияқты, бірақ қол алып амандасқан емеспін. Оңтүстік Қазақстан облысында бір 7-8 ай болып, басқа жаққа министр болып кеткен Атамқұлов деген жігітті де сырттай жақсы көрем. Бір ағам қайтыс болғанда, үйге келіп, көңіл айтып кетті. Кісілік, адамгершілігі өте жоғары екен. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов та көргенді, сабырлы жігіт екен. Бір-екі рет кездескенде соны аңғардым. Мынау Арыстанбегіміз де жүр. Кейде байқамай бірдеңелерді айтып қояды. “Ондай сөздеріңді қойсайшы. Бірден лақ еткізіп айта саласың. Ертең таяқ боп тиеді, ойланып сөйлесеңші”, – деймін. Аңқылдаған жақсы жігіт, қолынан келген жақсылығын аямайды. Киноға байланысты бір нәрселері бар екен, онымен ісім жоқ. Сырттан бір сыйлайтын кісілердің қатарында Бердібек Сапарбаев та бар. Қытайларды өз орнына қойып, қазақтың қорғаны болып жүр. Қазір Түймебаев оңтүстікке келді. Әдебиет пен мәдениетке өте жақын екен. Сонысына іш тартып, сырттай сыйлап жүрмін, бір-екі рет кездестім де.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет