1-сынып: «Менің атымды қойған кім?» - зертте! Нұргүл
Нұр-гүл
Н – дауыссыз, үнді
Ұ – дауысты, жуан
Р – дауыссыз, үнді
Г – дауыссыз, ұяң
Ү – дауысты, жіңішке
Л – дауыссыз, үнді
2-сынып: Нұргүл ұнтақты реттеп, гүлді үгітіп ластады.
3-сынып: «Бес жолды өлең» әдісі Зат есім: Нұргүл
Сын есім: талапшыл, ізденімпаз
Етістік: оқыды, жазды, зерттеді
Сөйлем:Нұргүл өзіндік жұмысты орындады.
Синоним: тұлға, ұстаз.
4-сынып: РАФТ әдісі Жалқаулық қайда апарады? Адамдар заман өзгерген сайын жалқау болып барады. Әрине, көпке топырақ шашпаймын. Бұрынғы кезбен қазіргі кезді салыстырсақ көп өзгеріс бар. Осыдан 5-10 жыл бұрын ауыл адамдары малдан керек жарағын алатын еді. Аналарымыз сиыр сауып, сүт тартып, қаймақ, майын дастарханына қойып, таба нанды да қолдан илеуші еді. Ал әкелеріміз қи ойып, ағаштан түйін түйіп іс қылатын.
Қазіргі уақытта барлығы дайын деп жастар жағы көп нәрсеге мойын созбаймыз. Жас адам әр кезде де құлшынып, әр іске ынталы болу керек. Жасаймын, үйренемін деген іске ғаламтор бетінде көптеген үйірме жұмыстар бар. Ізденейік, талпынайық дегім келеді.
Жалқаулық – тәнге рахат сыйлап, жанға жара салатын кеселді дерт. Сондықтан ондай дертке ұшырамайық. Еңбекқор, талапшыл, ынталы болайық!
Р – автор
А – жастар
Ф – хат, үндеу
Т - Жалқаулық қайда апарады?