Ондық санау жҥйесі
Бҧл жҥйенің тҥп тӛркінінде он негізі жатыр. Бҧл жҥйеде санды жазу ҥшін он цифр қолданылады - 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 ,8 ,9.
Ондық жҥйе позициялық болып табылады, ӛйткені ондық санды жазуда цифрдың мәні оның позициясына немесе санда орналасқан орнына байланысты.
Санның цифрына бӛлінетін позицияны
разряд деп атайды.
Мысалы, 425 жазуы 4 жҥздіктен, 2 ондықтан және 5 бірліктен тҧратын сан екенін білдіреді. 5 цифры - бірліктер разрядында, 2 - ондықтар разрядында, 4 - жҥздіктер разрядында тҧрады.
Егер осы цифрларды басқа ретте жазатын болсақ, мысалы, 524, онда сан 5 жҥздіктен, 2 ондықтан және 4 бірліктен тҧрады.
Бҧл кезде 5 ҥлкендеу салмақты болады және санның
үлкен цифры деп аталады, ал 4 цифры кішкене салмақты болады да, осы санның кішкентай цифры деп аталады. Егер 524 санын қосынды тҥрінде жазатын болсақ:
5*10
2+2*10
1+4*10
0
Бҧл жазбадағы 10-саны санау жҥйесін негіздеуші. Санның әрбір цифры ҥшін 10 негіздеуші цифрдың орнына байланысты дәрежеленеді және осы цифрға кӛбейтіледі. Бірліктер ҥшін негіздеуші дәреже - нӛлге, ондықтар ҥшін – бірге, жҥздіктер ҥшін екіге тең және т.с.с.