81
10.3.1 Меншіктеу операторы
Turbo Pascal-дың негізгі операторының бірі – меншіктеу операторы. «Мән
меншіктең деген бҧйрықты орындайтын операторды меншіктеу операторы
дейді. Ол айнымалының мәндерін ӛзгерту ҥшін пайдаланылады. Меншіктеу
операторының жазылу тҥрі:
<айнымалы атауы>: = <арифметикалық ӛрнек>
мҧндағы: ― : = ― – меншіктеу белгісі.
Меншіктеу операторы орындалғанда ӛрнектің мәні есептелініп, табылған
мән айнымалы арқылы сақтау ҥшін бӛлінген ЭЕМ-нің жедел жадысының
ҧяшығына жіберіледі. Ал меншіктеу операторының оң жағындағы айнымалы
міндетті тҥрде алдын-ала анықталған, яғни сандық мәндерді қабылдаған болуы
керек.
Жалпы жағдайда арифметикалық ӛрнек: тҧрақты, айнымалы атауы,
функция, ӛрнек тҥрлерінің бірінде берілуі мҥмкін.
Меншіктеу операторы тек арифметикалық ӛрнектер ҥшін ғана емес,
логикалық және символдық берілгендер ҥшін де пайдаланылады.
Мысалы, А:=В and C, егер мҧнда В – ақиқат, С – жалған болса, онда А
жалған мән қабылдайды, А – ақиқат мән қабылдау ҥшін В және С ақиқат болуы
қажет.
Символдық мән әрқашанда апостроф ― ‖ ішіне алынып жазылады.
Мысалы, А := ―В‖; А1 := ―7‖;
Меншіктеу операторын пайдаланғанда айнымалы атауының типі мен
қабылдайтын мәнінің типі бірдей болуы қажет. Мысалы, егер VAR А: REAL
болып, оператор былай А: =‘7‘ жазылса, онда ол дҧрыс болмайды, себебі А-ның
типі нақты, ал мән символдық.
Кейде нақты тҥрдегі айнымалыға бҥтін сан мәнін меншіктеуге болады.
Онда бҥтін сан нақты санға айналып кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: