Байланысты: Э.А.Абдыкеримова.ИНФОРМАТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
10.3.5 Шартты кӛшу операторы Тармақталуы бар процестерді ҧйымдастыру ҥшін шартты оператор
пайдаланылады. Тармақталу белгілі бір шарттың орындалуы немесе
орындалмауына тәуелді басқарылады.
Шартты кӛшіру операторының жазылу тҥрі:
ІF <шарт> THEN <1-оператор> ELSE <2-оператор>
мҧндағы: 1 және 2 операторлардың ӛзі қарапайым немесе қҧрама оператор
болуы мҥмкін (ІF – егер; THEN – онда; ELSE - әйтпесе).
Егер, ІF сӛзінен кейін жазылған шарт сақталса (ақиқат болса), онда THEN
сӛзінен кейін жазылған 1-оператор орындалады, 2-оператор орындалмайды.
Шарт сақталмаса ELSE сӛзінен кейінгі 2-оператор орындалады.
ІF сӛзінен соң жазылатын шартты жазу ҥшін Turbo Pascal тілінде
ӛрнектерді салыстыру: =, >, > =, <, < =, < > белгілерін пайдаланады.
Бір мезгілде бір емес, бірнеше шартты, яғни қҧрама шартты жазу ҥшін
логикалық амалдарды пайдалануға болады.
Шартты операторларда қҧрама операторды пайдалануға болады:
ІF логикалық ӛрнек THEN
BEGІN
1-оператор;
2-оператор;
....................
n-1- оператор;
n- оператор;
END
ELSE
BEGІN
1-оператор;
2-оператор;
.....................
n-1- оператор;
n- оператор;
END.
84
Turbo Pascal тілінде де шартты оператордың толық емес тҥрін пайдалануға
болады.
ІF шарт (логикалық ӛрнек) THEN оператор