Байланысты: Э.А.Абдыкеримова.ИНФОРМАТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
10.3.6 Таңдау операторы Берілген ӛрнектің мәніне тәуелді бір немесе бірнеше оператор
орындалатын жағдайда таңдау операторы CASE пайдалынады. Оның Turbo
Pascal-дағы қҧрылымы мынадай:
CASE m OF
1-тҧрақты: 1-оператор;
2-тҧрақты: 2-оператор;
.........................
n-тҧрақты: n-оператор
END;
CASE - жағдай; OF - солар, тӛмендегілер;
m – REAL типінен басқа кез келген скалярлық типте берілген айнымалы не
ӛрнек.
Бағдарламаның орындалуы кезінде алдымен m айнымалысының мәні
жадқа енгізіліп, ол осы тҧрақтылармен салыстырылады. Егер мән олардың
бірімен тең болып шықса, онда осы тҧрақтыға сәйкес оператор орындалады да,
CASE операторын орындау аяқталады. Егер m-нің мәні сҧрыптаушы
тҧрақтылардың ешқайсысымен тең болып шықпаса, CASE операторы
орындалмай тастап кетіледі, басқару таңдау операторынан кейінгі операторға
беріледі. Оны жҥйенің хабарлауы ҥшін CASE операторын аяқтайтын end-тің
алдына else wrіteln (‗Қате. Мҧндай сҧрыптаушы табылған жоқ‘) операторын
енгізіп қоюға болады.