86
Алдын ала берілген шарт бойынша қайталану операторы (WHІLE)
Алдын ала берілген шарт бойынша қайталану кӛп жағдайларда
қайталаудың саны белгісіз болған жағдайда пайдаланылады. Бҧл оператор
WHІLE - әзір және DO - орындау қызмет сӛздерінің кӛмегі арқылы
орындалады. Қайталанушы процесс қойылған шартты тексеру арқылы жҥзеге
асады. Яғни, шарт ақиқат болса цикл қайталанады да, шарт жалған болса
циклдан шығу орындалады.
Алдын ала берілген шарт бойынша қайталану операторының (қайталану
денесі бір ғана оператордан тҧрса, онда оны операторлық жақшасыз жазуға
болады) жалпы жазылу тҥрі:
WHІLE <шарт> DO <цикл денесі>;
Мҧнда шарт орнында логикалық ӛрнек тҧруы да мҥмкін. Цикл денесі –
берілген шартқа тәуелді бірнеше рет қайталанып орындалатын оператор.
Бҧл оператор былай орындалады: алдымен шарт тексеріледі, егер шарт
орындалса, онда циклдің денесі орындалады, одан соң және шарт тексеріледі,
және тағы сол сияқты, бҧл процесс қашан шарт сақталудан қалғанша
қайталанылады. Егер шарт сақталмаса, басқару операторлық жақшаның (END)
соңында тҧрған операторға кӛшіріледі, цикл денесі бірден-бір рет
орындалмайды. Басқаша айтқанда, логикалық ӛрнектің мәні қашан жалған
болғанша, қайталаудың денесі қайталап орындала береді.
Егер қайталанудың денесі бірнеше оператордан қҧралса, онда олар BEGІN-
END қызмет сӛздерінің арасына алынып жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: