Э. А. Абдыкеримова


 Мәліметтерді енгізу және шығару операторлары



Pdf көрінісі
бет89/134
Дата31.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#116510
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   134
Байланысты:
Э.А.Абдыкеримова.ИНФОРМАТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 
10.3.2 Мәліметтерді енгізу және шығару операторлары 
 
Берілген  мәндерді  айнымалыға  жазу  ҥшін  меншіктеу  операторын 
пайдалануға  болады.  Мысалы,  А:=15;  В:=20  т.с.с.  Бірақ  бҧл  жағдайда 
бағдарлама  әмбебап  болмайды.  Бағдарламаны  әмбебап  етіп  жасау  ҥшін 
айнымалылардың  мәндері  ӛзгеретін  тҥрде  жасау  қажет.  Ол  ҥшін  енгізу 
операторы READ (READ – ағылшынша оқу дегенді білдіреді) пайдаланылады. 
Берілгендерді 
енгізу 
– 
бағдарламадағы 
алғашқы 
берілгендерді 
компьютердің жедел жадысына ӛңдеуге жіберу болып табылады.  
Енгізу операторының жалпы жазылу тҥрі: READ (а1, а2, …, аn); 
мҧндағы,  а1,  а2,  …,  аn  –  мәні  пернетақтадан  енгізілуге  тиісті  айнымалылар 
тізімі.  Айнымалылар  тізімінде  ҥтір  арқылы  айнымалылар  жазылады,  ал 
олардың  мәндерін  пернетақтадан  енгізу  кӛзделеді.  Тізімдегі  айнымалылар 
санынан енгізілген мәндер саны кем болмауы керек.  
Енгізілген  айнымалылар  мәні  типіне  сәйкес  болуы  қажет.  Бҥтін 
айнымалыға  бҥтін,  нақты  айнымалыларға  нақты  мәндер  берілуі  қажет. 


 
82 
Айнымалы  бейнеленгенде  нақты  ретінде  бейнеленсе,  оған  нақты  да,  бҥтін  де 
мән  беруге  болады,  себебі  нақты  сан  қҧрамына  бҥтін  сан  енеді. 
Айнымалылардың  сандық  мәндері  бір-бірінен  бос  орын  арқылы  ажыратылып 
жазылады.  Сандар  арасына  бір  немесе  бірнеше  бос  орын  қалдыруға  болады, 
себебі  сан  енгізілгенде  бос  орын  еске  алынбайды.  Тізімде  кӛрсетілген 
айнымалылардың  сандық  мәнін  пернетақтадан  енгізіп  болғаннан  кейін,  Enter 
(енгізу) пернесі басылады.  
Мысалы, енгізу операторы  READ(А,В,С); тҥрінде берілсе, параметрлерге 
мәндер  былай  беріледі:    7  _  9  _  8.5.  Бҧл  жағдайда  А=7,  В=9,  С=8.5  мәндер 
қабылдайды.  
Есептеулер  нәтижесін  жауапқа  шығару  ҥшін  WRІTE  операторы 
қолданылады  (WRІTE  –  ағылшынша  жазу  дегенді  білдіреді).  Шығару 
операторының жалпы жазылу тҥрі: WRІTE (а1, а2, …, аn); 
мҧндағы,  а1,  а2,  …,  аn  –  сандық  мәні  экранға  шығарылатын  айнымалылар 
тізімі.  Шығарылатын  параметрлер  бір-бірімен  ҥтір  арқылы  ажыратылып, 
WRІTE қызмет сӛзінен соң, дӛңгелек жақша ішіне жазылады. 
Кейде READ, WRІTE операторларының соңына LN (lіne  – жол) жалғауын 
қосып READLN, WRІTELN тҥрінде жазу қажет.  
Мысалы, READLN (а, b);  
                 WRІTELN (x:6:3); 
Мҧндай операторлар орындалғанда курсор экранда ӛзінің тҧрған орнынан 
келесі жолдың басына кӛшеді де, кезекті оператордың орындалуы экранда осы 
жерден  бастап  кӛріне  бастайды.  Егер  келесі  жолды  бос  кҥйінде  тастап  кету 
қажет  болса  бағдарламаға  соңғы  орындалатын  LN  жалғауы  оператордан  соң 
параметрсіз WRІTELN операторын енгізсе болғаны. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет