42
Қола дәуірі мал өндірісінің шаруашылық ретіндегі даму кезеңі болып
табылды. Кетпенді егіншілік дамып, онда жаңа еңбек құралдары қолданыла
бастады. Б.д.д. 2-мың жылдықтың орта шенінде Орталық Азияның далалық
бөлігінде бақташы тайпалар бөлініп шықты. Б.д.д. ІІ-мың жылдықтың аяғы
мен І-мың жылдықтың басында (кейінгі қола дәуір кезеңі) Қазақстанның
далалық аудандарының көпшілік халқы шаруашылықтың жаңа түрі –
көшпелі мал шаруашылығына ауысты. Тайпаның негізгі көпшілік
бұқарасынан малшылардың бөліктеніп шығуы – қоғамдық еңбектің алғашқы
ірі бөлінісі болды. Бойлық бойынша көшуге қалыптасу, өзін-өзі бағып, өз
аяғымен жүретін төрт түлікті аз күш жұмсап, мол өнім беретін шаруашылық
көзіне айналдыра білу, түптеп келгенде, салт атты көшпелілердің төлтума
таным-түсінігі мен мәдениетінің қалыптасуына, уақыт пен кеңістік туралы
дүниетанымының кеңеюіне, сөйтіп этномәдени болмысының даралуына
себепші болды. Көшпелілер сол кездегі өзінің отырықшы замандастарына
қарағанда әлеуметтік-мәдени деңгейі жөнінен әлдеқайда биік, әлдеқайда
қуатты болды.
Достарыңызбен бөлісу: