41
Тағы да басты өзгешілігі, металды өңдеу елеулі орын ала бастады.
Зерттеушілердің пайымдауынша, кен өндіріп балқыту ісі орасан зор көлемде
болыпты. Мәселен, Жезқазған өңірінде 100 мың тонна мыс қорытылса, ал
Өспен руднигінде 200 мың тонна кен өндірілген. Көне металлургияның
дамуына сондай-ақ Қазақстанның жер қойнауының байлығы да ықпал етті.
Ежелгі кеншілер кенді тотықтандыру тәсілін қолдана отырып, жыныстағы
жез бен қалайының қосындысын көбейте білген. Борпас жыныста кенді
«қайлалап» өндірсе, ал қатты жыныстарға «отпен өндіру» тәсілін қолданған.
Сол сияқты, ұзын штольнялар (жасанды үңгімелер) қазған кезде оған ағаш
тіреулерді пайдаланған. Уақталған руданы арнаулы пештерде балқытқан.
Ондай пештер Атасу, Суықбұлақ, Қанай ауылының қасындағы қоныстардан
табылды. Металл балқытумен бірге олар оны шыңдау, шекімелеу, қыспалау
әдістерін білген. Қолөнершілер шаруашылыққа және тұрмысқа қажетті
құралдар: орақ, балта, қанжар, найза, жебенің ұштарын жасаған. Металл
өндірудің көлемі оларды басқа аймақтарға экспорттауға мүмкіндік берді.
Шаруашылықтың дамуы артық өнім мен айырбастың кеңеюіне және
осылайша байлықтың көбеюіне ықпал етті. Бұл қоғамның әлеуметтік
құрылымынан көрініс тапты. Қоғамда ерлер басым маңызға ие болды.
Патриархалдық отбасы үлкен рөл атқара бастады. Қалыптасып жатқан
мүліктік теңсіздіктің күшеюі, тайпа ақсүйектерінің ішінен көсемдердің
бөлініп шығу үрдістері, этномәдени бірлестіктердің қалыптасуына ұйытқы
болды. Әскери және шаруашылық қажеттілігі бойынша күрделі тайпалық
одақтар қалыптасты.
Қола дәуіріндегі Қазақстанның тұрғындары көне еуропалық нәсілдегі
антропологиялық типте болып келеді. Оның этникалық тарихы
зороастризмнің қасиетті жазбасы «Авеста» кітабында айтылған. Арийлердің
отаны деп кітапта Арианам Вайджа – арийлер кеңістігі, яғни, Каспиден
Тынық мұхитқа, Алтайдан Тянь-Шань Датья мен Ардвиға (Сырдария мен
Амудария) созылған «Кең Байтақ Даланы» айтады. Орта Азияның
кеңістігінде пайда болған дала пайғамбары Заратуштра әлемдік дінге бастама
жасады. Діни сенімдердің үстем формасы болып жалғыз құдайға –
Достарыңызбен бөлісу: