Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-нің тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, проф



Pdf көрінісі
бет30/76
Дата08.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#118323
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76
Байланысты:
Нугман Цивилизация Великой степи каз

Көк Тәңірдің құдіретті империясы
– Түрік 
қағанатының құрамына кірді. Осы кезеңнен бастап Қазақстанда аса ірі 
қалалар жүйесі қалыптаса бастайды. 
X ғасырда Жібек жолының Іле Алатауын бойлап, Баба-ата (Алматы), 
Талхиз (Талғар) арқылы Іле аңғарына шығатын бөлігі жандана бастайды. 
Жолдың осы бөлігінде көптеген қалалар пайда болған. Олардың атаулары 
Жібек жолымен жүріп өткен саяхатшылардың жол жазбалары арқылы осы 
күнге дейін жеткен. Жалпы айта кететін нәрсе, IX-XI ғасырларда кеңінен 
танымал болған араб және иран жылнамалары мен геграфиялық 
әдебиеттерінде Жібек жолы бойында орналасқан елді мекендердің табиғат 
жағдайлары, ерекшеліктері нақты сипатталған. Мысалы, X ғасырда өмір 
сүрген бағдаттық сарай қызметшісі Кураш Ибн Джафар «Китаб-әл-Харадж» 
деп аталатын жолжазбасында керуен жолы бойындағы табиғат жағдайлары 
мен географиялық объектілерге нақты сипаттама берген. Мұнда Тараз, 
Құлан, Мерке, Аснара қалалары туралы және Мойынқұм («қарлұқтар қыста 
малын қыстататын Жылы құмдар»), Мыңбұлақ шыраты және Терісаққан 
өзені жайлы деректер келтірілген. Сонымен, бұл тектес жолнамалар осы 
жолмен алыс елдерге сапар шегетін саудагерлер мен керуеншілерді Ұлы 
Жібек жолымен таныстыру, салық жинаушыларға нұсқау беру мақсатында 
жазылғанымен неғұрлым толық географиялық түп нұсқа ретінде әлі күнге 
дейін өз маңызын жойған жоқ. 
Кейінгі ғасырларда (1424 ж. Қытай мемлекеті Солтүстік-Батыс 
шекараларын жауып тастағанға дейін) Жібек жолының Орталық Азия 
арқылы өтетін тармағы басты күретамыр қызметін атқарды. Қазақ жеріндегі 
отырықшы өркениеттің ошақтарына айналған Отырар, Яссы, Сауран, Тараз, 
Мерке, Құлан, Талхиз, Алмалақ және т.б. қалалар осы кезеңде гүлденіп 
дамуының шырқау кезіне жетті. 
Сан ғасырлық керуен қатынасы жол бойында сауда мен қолөнердің, 
суармалы егіншіліктің күшті дамуына себепші болды. Егіншілікті шұраттар 
жергілікті халықты ғана емес, сауда керуендерін де азық-түлік түрлерімен 


36 
қамтамасыз еткен. Сол кездегі ауыл шаруашылығы географиясын талдасақ, 
көптеген тарихи деректер оның маманданған тауарлы сипаты болғанын 
дәлелдейді. Мұның өзі – Жібек жолы бойындағы елді мекендерде нарықтық 
шаруашылық - сауда қатынастары керуен жолдары бойындағы қалалардың 
мамандану сипатын анықтап берді. Сонымен, Ұлы Жібек жолы Қазақстанда 
– қалалық мәдениеттің дамуына шешуші ықпал етті деуге болады.
Көне жолдар арқылы өткен саяхатшылар мен географтардың 
маршруттары да Жібек жолының география ғылымының дамуына, 
географиялық ақпараттардың жинақталуына елеулі рөл атқарғанын 
көрсетеді. Бұдан, жолдың қазақ жері арқылы өтетін бөлігінен тарайтын «Хан 
жолы», «Абылай жолы», «Қарқаралы жолы» және т.б. деп аталатын керуен 
жолдары дәлел бола алады. 
Жібек жолының Солтүстік тармағының рөлі әсіресе, Қазақстан мен 
Ресей қарым-қатынасы тұрғысынан алғанда, аса маңызды. Ресей патшалығы 
өзінің қол астындағы «бұратана халық» мекендеген кең-байтақ жерді игеруді, 
осы мақсатта жан-жақты зерттеуді кезек күттірмейтін міндеттер керуен 
жолдары бойымен қазақ жерін батыстан шығысқа, солтүстіктен оңтүстікке 
қарай кесіп өтіп, құнды географиялық деректер жинақтады. Сөйтіп, XVII-
XIX ғғ. аралығында Жібек жолының қазақстандық тармақтары арнайы 
географиялық зерттеулер жүргізген экспедицияларын тұңғыш саяхатшысы 
Ш.Уәлихановтың Қашқарияға сапары да осы жол бойымен өткенін атап 
айтуға болады. 
Ұлы Жібек жолы бізді белгісіздеу болып келген еліміздің тарихи 
шежіресімен қатар көне тарихының беттерін қайта ашуға және ұмыт бола 
бастаған географиялық атаулар арқылы байырғы табиғаттың өзгерту тарихын 
қазіргі экологиялық аймақтармен салыстырып олардың заңдылығын білуде 
маңызы зор. Жібек жолы жер тарихы мен ел тарихының сабақтастығын 
ашады. 
Сонымен, қорыта келгенде, б.д.д. І-мыңжылдықтың орта кезеңінен 
«Дала жолы» деген жол болғаны әлемге белгілі. Тарих атасы Геродоттың 
жазбаларына қарағанда бұл жолдың торабы Қара теңіз жағалауынан Дон 
жағасына дейін, одан әрі савроматтар мекендеген Орал тауы етегінен 
Ертіске, Алтайға, содан Жоғарға Ертіс пен Зайсан көлін мекендеген 
агрипийлер еліне қарай созылады. Бұл жолмен былғары мен терілер, иран 
кілемдері, құнды металдардан жасалған бұйымдар ерсілі-қарсылы тасылған. 
Ұлы Жібек жолы – Жерорта теңізінен Қытайға дейін Орталық Азияны 
көктей өтіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан тоқсан торабы. Орта 
ғасырдағы осы аймаққа орналасқан елдердің сауда, саяси және мәдени 
байланыстарының аса маңызды қарым-қатынас жолы болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет