Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-нің тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, проф


 Түркеш, Қарлық, Қарахан, Қидан мемлекеттері



Pdf көрінісі
бет49/76
Дата08.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#118323
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   76
Байланысты:
Нугман Цивилизация Великой степи каз
Нугман Цивилизация Великой степи каз, Нугман Цивилизация Великой степи каз
 
3.2 Түркеш, Қарлық, Қарахан, Қидан мемлекеттері 
 
Түргештердің көсемі Үш Елик 699 жылы Батыс Түрік қағанатындағы 
қытай императорының тағайындаған басшысын жойып, өз билігін орнатты. 
Түркештер - Іле мен Шу өзені аралығын, Іле Алатауынан Балқаш көлінің 
оңтүстігіне дейінгі өңірін мекендеді. Шығыс пен Батыс арасындағы сауда-
керуен жолының осы Жетісу өңірін басып өтетін басты бөлігі түркештердің 
бақылауында болды. Бұл жағдай олардың әскери-саяси және шаруашылық 
қуатын арттыра түсті. Сонымен қатар, отырықшы егіншілік ошағы, біршама 
көркейген қалалары бар бай өлке еді. Түргеш әулетінің негізін салушы, 699-
706 жылдары билік құрған - Үш Елик Қаған еді, олардың ордасы Шу 
бойындағы Суяб қаласында болды, кейін Тараз қаласына көшірілді. 
Түргештер екі тайпалық жікке бөлінді: Іле өзені жағалауын мекендегендері – 
қара түргештер, Шу бойындағылары – сары түргештер. Жетісуда үстемдігін 
орнатам деушілердің бірлері – Қытай мен Араб Халифатына қарсы Түргеш 
қағанаты қажырлы күрес жүргізді. Үш Елик қаған және оның ұлы Сақал 
Қаған кезінде (706-711) Түргеш Қағанаты Мәуреннахрдағы араб 


60 
шапқыншылығына тойтарыс бере білді. Әсіресе, араб басқыншыларына 
қарсы нәтижелі күрес Сұлу Қаған кезінде (715-738) жүргізіледі. Ол сыртқы 
саясатындағы дипломатиялық құралын шебер қолдана білді, Шығыс қағанат 
пен Тибет патшаның Бикеш қыздарына үйленді, Қытайдың құлқындарын 
жұдырығында ұстай білді. Бірақ қауіп Араб Халифатынан төніп тұрды, 
Сұлуды өз жағына тартпақшы болған ниеттері жүзеге аспағандықтан, оған 
Абу Музахим (бодающий) деген атау тақты.
VІІІ ғасырдың ортасында Жетісу алқабы үшін Қытай мен Арабтардың 
мүдделері қақтығысып, соның салдарынан Тараз қаласының маңындағы
Талас бойында 751 жылғы шілде айында Талас шайқасы болды. Хорасандағы 
аббасид халифы Абу Муслим жіберген араб әскері Гао Сянь Чжи басқарған 
қытай әскеріне тойтарыс бере алды. Қытайлықтарды жеңуде шешуші 
шайқасты қарлықтардың ерлігіне байланысты болды. Бұл шайқас үлкен 
маңызға ие болды: біріншіден, қытайлықтар Қазақстан жеріне ендігі жерде 
ішкі ісіне араласпақ түгіл, қолдарын ұзақ уақытқа дейін сұға алмады; 
екіншіден, Қазақстанға Ислам мәдениетінің ықпалы немесе өзара байланыс 
дәуірі басталды. 
Осы кезде Алтай тауын мекен еткен қарлұқтар күшейе түсті. Олар түркеш 
қағандығын жеңіп, өзіне бағындырды. 756 жылы Түркеш қағандығы құлады 
да, өкімет билігі қарлұқтардың қолына көшті. Түркеш қағандығы 699 жылдан 
756 жылға дейін өмір сүрді. Түркеш қағандығында отырықшы қалалар 
дамып, егіншілік пен мал шаруашылығы өркендеді. Ду Хуан құрастырған 
«Саяхатнама» атты еңбегінде былай делінген: «
Шу өзенінің оңтүстік-
батысында Тараз деген қала бар. Ол Арал теңізінің шығысында, көктем мен 
жазда жауын өте аз түседі. Еріген қар суын пайдаланып, егін егеді. Бұл 
өңірде бидай, арпа, күріш, бұршақ, сұлы дақылдары егіледі. Олар жүзімнен 
әр алуан шарап жасайды». 
Сауданың өркендеуіне байланысты Түркеш 
қағандығында ақша айналымы болды. Олар ақшаны металдан жасады. 
Археологиялық зерттеулер көне қалалар жұртынан түркеш қағандығының 
металл ақшаларын тапты. Бұл теңгенің бір бетінде: «тұррас қаған бай баға» 
(түркеш қағаны бан баға), ал екінші бетінде: «сатым он оқ таңба» деген жазу 
бар. Бұл табылған ақшалардың Тараз қаласында соғылғаны анықталып отыр. 
Түркеш қағандығының жазу мәдениеті болған. Олар алғаш көне түркі 
(орхон) жазуын, кейін соғды
жазуын қолданды. 
Сөйтіп, Түргеш Қағанатының құлауы Ашын әулетінің жойылуына әкеледі. 
Батыс Түрік Қағанатының орнында түркі тілдес халықтардың бірнеше 
мемлекеті пайда болады: Солтүстік Тянь-Шань мен Жетісуда - Қарлықтар 
мемлекеті (756-940); Сырдарияның төменгі сағасында, Арал жағалауында – 
Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІғғ.басы); Ертіс бойы мен қазіргі Солтүстік және 
Орталық Қазақстан далаларында – Қимақтар (кейінірек қыпшақтар) 
мемлекеті (ІХғ.-ХІғ.басы); Қарахан әулетінің мемлекеті (942-1210); 
Қыпшақтар Хандығы (ХІғ.басы-1219); Еділдің төменгі сағасы мен Солтүстік 
Кавказда – Хазарлар мемлекеті; Орталық және Солтүстік-Шығыс Азияда 
сондай түркі тілдес, туыстас тайпалардың мемлекеттері пайда болды: Ұйғыр 
Қағанаты (745-840) және Қырғыз Қағанаты (840-1124).


61 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет