Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-нің тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, проф


мемлекеттік тілде ұлттық әдебиет пен жазудың және әлемдік ойдың озық  үлгілерін әзірлеу және басып шығаруды жүзеге асыру;  



Pdf көрінісі
бет6/76
Дата08.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#118323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
Нугман Цивилизация Великой степи каз

 
мемлекеттік тілде ұлттық әдебиет пен жазудың және әлемдік ойдың озық 
үлгілерін әзірлеу және басып шығаруды жүзеге асыру; 

 
Ұлттық мұрағаттық қорды сақтау мен байытуға арналған жұмыстарды 
ұйымдастыру жолдары белгіленген болатын

Өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап қазақ тілді оқырман қауым 
үшін философия, тарих, заң және т.б. саладағы әлемдік ғылыми ойдың іргелі 



еңбектері және көркем әдебиетті басып шығару іс жүзінде тоқтап қалған 
болатын. Осыған байланысты өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм 
рухында тәрбиелеу және тарихи, мәдени мұраны толыққанды зерделеудегі 
ақтаңдақтардың орнын толтыру, сондай-ақ, қазақ халқының көп ғасырлық 
рухани тәжірибесін жинақтау, мемлекеттік тілдегі тармақталған тарихи, 
көркем, ғылыми серияларды жасау мемлекет тұрғысынан аса өткір қойылды.
Бағдарламаны іске асыру барысында кітаптар сериясының 16 бағыты 
бойынша фольклористика, тарих ғылымы, археология, этнография, 
мәдениеттану, әлеуметтану, саясаттану, психология, антропология, тіл білімі, 
мұрағат және кітапхана жұмысы, бейнелеу өнері, энциклопедиялық 
әдебиеттер және т.б. әзірленуі мен басылып шығарылуы, басылымға 
шығатын әдебиеттің ауқымын кеңейтуге, қазақ халқының бай мәдени 
мұрасын сақтауға және мемлекеттік тілдегі әлемдік әдебиет пен ғылымның 
асқан үлгідегі қорларын жасауға, ұлтты мәдени-білім және интелектуалды-
мәдени деңгейде көтеруге және өскелең ұрпақты жалпыәлемдік құндылық 
идеалдары мен қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуде және 
халықтың тарихи-саяси көзқарасын қалыптастыруға оң әсер ететін ауқымды 
мәселелер қойылды. 
Осы бағдарлама шеңберінде көрсетілген мәселелерді кешенді шешу 
Қазақстан халқының мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және көпшілікке 
тарату жүйесін одан әрі дамытуға ықпал етеді. Осы мақсатта авторлар 
көмекші материал ретінде оқу құралын ұсынып отыр. Студент қауымына 
ескеретін нақты шешімнің сауалы, еліміздің тарихын Орталық Азия 
аумағынан шығару - бүгінгі күн тәртібінде шындықты бейнелеудің 
шарты 
түсінігімен ұйғарылсын. Орталық Азия аумағы деп Қиыр Шығыстағы Корей 
түбегінен бастап батыстағы Қара теңізге, солтүстіктегі Байкал мен Оңтүстік 
Сібірден бастап оңтүстіктегі қазіргі Ауғанстанға дейінгі жалпағынан 
созылып жатқан кең даланы айтамыз. Бұл кеңістікке қазақ халқының тікелей 
қатысы бар. Тегі түркіден шығатын түркі тілдес халықтың жалпы отаны. Ол 
тарих сахнасында Тұран деген атымен әйгілі. Қазақ халқына, сондай-ақ түркі 
тілдес туыс ағайындарымызға ортақ отандық жеріміз.
Орталық Азия аумағындағы тарихи-мұраны алты мың жылғы даму 
шеңберінде алып қарасақ, олар төмендегідей кезеңдерге бөлінеді: 
Бірінші кезең.
Бүкіл Орталық Азия аумағын мал баққан ежелгі 
арийлердің сансыз көп тайпаларының игеруі. Қара теңіз бен Еділ өңіріндегі 
Срубная мәдениеті
, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, 
Тәжікстан аймақтарындағы 
Андронов мәдениеті
және Алтайдан шығысқа 
қарай созылып жатқан 
Афанасьев мәдениеттері
сол замандағы халықтың 
рухын бейнелейтін материалдық айғақтар болып табылады. Ол б.д.д. ІІІ-ІІ 
мың жылдардағы заман. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет