Тоғызыншы кезең – 1980 жылдардың ортасынан басталды. Ол халық
рухының бұрқ етіп, сыртқа лықсуымен ерекшеленеді: 1986 жылдың
желтоқсан оқиғасы тарихымызда мәңгі қалды. Бірақ онда рухтан гөрі саясат
басым болды. 1991 жылы қызыл империя құлады. Тәуелсіз Қазақ мемлекеті
жарияланды.
Н.Ә.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында КСРО-ның
ыдырауы тарихи тамыры тереңде жатқан, кейін күшпен жойыла жаздаған
мемлекеттердің қайтадан қалпына келуіне ұласты деп көрсетті.
Қазіргі кезеңдегі ұлттық міндеттер ең алдымен ұлттық табиғатты
қалыпты жағдайға келтіру болып табылады. «... Даму стратегиясын, ұлттық
мемлекеттік ерекшеліктерімізді, саяси тарихымыз бен мәдениетіміздің
өзіндік сипаттарын, этникалық дәстүрімізді, тағы да басқаларды ...
қысқартып тұжырымдағанда, өркениеттік-мәдениеттік аямызды түгел ескере
отырып, өзіміз сақтауымыз қажет». Президент жаңа жағдайларда «жаңа
азаматтық ыңғайлануды», қазақстандық мемлекеттілікпен үйлестіруді
жариялады. Басқаша айтқанда ыңғайланудың көп сатылы сипаты ұсынылды,
ол өрлеу желісі бойынша (тұлға-әлеуметтік топ-мемлекет) тек ұлттық
өркендеуге ғана емес, соныман қатар «... ақпейілділік пен бауырмалдылыққа»
жол ашады. Аталмыш қағидат мемлекеттік құрылыста да қаланған.
«Қазақстан тұрғындарының ұлттық, діни, географиялық айырмашылықтары,
міндетті түрде, мейлінше көп тармақты саяси машинаның қалыптасуын
қажетсінеді».
Қазіргі ең басты мәселе – Ел болу. Ел болудың ең басты мәселесі туралы
академик М.Қ.Қозыбаев бес проблеманы алға қойды: