89
шыққан Шорман би он үш жасында, Есет Көтібарұлы жиырма жасында
дүйім жұртты аузына қаратқан би атанып еді. Міне, осы аз мысалдардың өзі
Қазақ мемлекетіндегі, хан өкіметіндегі билер орнын, би институтының
ғасырлар бойғы қалыптасқан үлкен дәстүр, яғни халық даналығын көрсетеді.
Патшалық Ресей өкіметі Қазақстан жерін түгелдей иеленіп, халқын
бұратала тізе бүктіріп отарлау үшін қоғамдағы би институтын және оның
ерекше орнын жан-жақты зерттеді. Себебі би институтын құртпайынша қазақ
халқын түгелдей айтқанына жүргізуге болмайтынын жақсы түсінді. Осынау
берік дәстүрді – би институтын түп тамырымен құрту керек болды.
Сонау 1820 жылдары белгілі зерттеуші Д. Самоквасов қазақ қоғамындағы
би орнын жан-жақты зерттеп: «Звание бия в сознании народном принадлежит
тем немногим, которые с природным даром красноречия соединяют в себе
глубокие познания в коренных обычаях народа и в исторических о них
преданиях»,- деп жазған.
Сонымен, әкімшілік тұрғысынан ұлыстан кейінгі бөлініс - ру-тайпалық
болды, оларды ру басшылары немесе билер басқарды. Билердің
артықшылықты жағдайы бәрінен бұрын құқықтық реттеудің, әкімшіліктік
және әскери биліктің үлкен қоғамдық мәнімен айқындалды. Олар
сұлтандармен қатар саяси рөл мәніндегі қызмет атқарды, ру басшылары
ретінде жалпы мемлекеттік істерді шешуде қатысып отырды. Өте беделді
билер хан маңындағы билер кеңесінде болды.
Әлеуметтік тобының үлкен беделі мен саяси ықпалы болған әскери
көсемдер –
Достарыңызбен бөлісу: