Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-нің тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, проф


Шымшуыр – металды дәнекерлеген  кезде қысып ұстайтын көмекші құрал.  Үгіндірік



Pdf көрінісі
бет75/76
Дата08.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#118323
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
Нугман Цивилизация Великой степи каз
Нугман Цивилизация Великой степи каз, Нугман Цивилизация Великой степи каз
Шымшуыр
– металды дәнекерлеген 
кезде қысып ұстайтын көмекші құрал. 
Үгіндірік
– көмірді жинақтап көсеуге 
арналған құрал. 
Шекіме
– асыл болаттан соғылған, екі жүзі шапқы тәрізді 
балға. Қақталған күмісті жалату үшін темірге шекіп, бедер салатын құрал. 
Іскенже
– ұсақ заттарды кепсерді егеген кезде қысып ұстайтын шағын ағаш 
атауыз. 
Күйентелі таразы
– бағалы металды, химиялық қоспаларды 
өлшейтін зергер таразысы. 
Саусақ қалып
– сақина, жүзіктің бауырын 
түзетуге арналған, бір жағы сүйір болаттан жасалған сайман. 
Сымтартқыш
– 
алтыннан, күмістен зер жасау үшін, яғни өте жіңішке сым дайындау үшін 
керекті аспап. 
Қалып
– ұшында бедерлі өрнегі бар болат таяқша сым. 
Қақталған жұқа күмісті қорғасынға төсеп, үстіне қалыпты қойып, батыра 
соқса күміске қалыптағы бедерлі өрнек түседі. Қалыптар түріне қарай сырға 
қалып, күмбез қалып, үкі аяқ қалып, шайшық, жұлдызша болып бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет