Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет12/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

4. САП ТҮЗЕУ ЖӘНЕ ҚАЙТА САПҚА ТҰРУ 
 
ҰОҚ-ны ұйымдастыру барысында гимнастикалық терминология пайдаланылады. Ол – 
гимнастикалық  жаттығулардың  арнайы  қысқа  атаулары  (терминдер),  жалпы  түсініктер, 
жабдықтардың атауларының жиынтығынан құралған жүйе. 
Термин 
деп  белгілі  бір  қозғалыстың  немесе  түсініктің  қысқаша  шартты  атауын 
атаймыз. 
Саптық  жаттығулар 
дегеніміз  –  белгілі  бір  сапта  тұрып,  бірігіп  немесе  жеке-жеке 
жасалатын қимылдар. 


13 
 
Саптық  жаттығуларың  көмегімен  ұжымдық  іс-қимыл,  музыканың  ырғағын  сезіну, 
тәртіп пен ұйымдасушылық мәселелерін табысты шешуге болады. 
Саптық  жаттығуларды  нақты  орындау  мақсатында  спортзал  (спорт  алаңы)  арнайы 
шартты белгілермен белгіленген: ортасы, бұрыштары.  
Олар залдың оң жақ шетінде болады. Залдың ең ұзын тұсы  – осы.  Балалар бұл  жерге 
сабақ басталар алдында сапқа тұрады (залдың оң жақ бөлігі). 
Саптық жаттығулар төрт топқа  бөлінеді:
 
– саптық тәсілдер; 
– сап түзеу және сапқа қайта тұру; 
– қозғалу, әрі-бері жүру; 
– ажырап жүру, жақындап жүру; 
Саптық жаттығулар – белгілі бір сапта тұрып жасалатын бірлескен іс-қимылдар. 
Сап – балалардың бірлескен іс-қимылдар жасау үшін орналасу қалпы. 
Тізбекте балалар бірінің артына бірі тізіліп, сап құрайды. 
Сапта  балалар  бір  сызықтың  бойында  қатар,  беттерін  бір  жаққа  қаратып  тұрады. 
Бағдарлаушы – белгіленген бағытқа қарай тізбекте бірінші болып қозғалатын адам. 
Тұйықтаушы – тізбекте ең соңғы тұрған адам. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет