Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қасқыр мен лақтар»
Алдымен қасқырдың рөлін сомдайтын ойыншыны таңдап алады. Қалған балалар
лақтардың рөлін атқарады.
Дыбыстардың көмегімен орындалатын тыныс алу жаттығулары.
«Ашулы кірпі» (пф-фр деген дыбыстар шығарады)
Жаттығулар бұлшық еттердің босауына, жүйке жүйесінің тұрақтануына ықпал етеді.
Қимыл-қозғалыс жаттығуы: «Күндіз бен түн»
Санамақтың көмегімен «Күндіз» бен «Түннің» рөлін атқаратын екі ойыншы таңдап
алынады. Олар залға кезекпен жүгіріп шығады. «Күндіз» қыдырып жүргенде – балалар
ойнайды, секіреді, жүгіреді. Ал, оның орнын «Түн» басқан кезде – бәрі тынышталып,
ұйықтап қалады. Қозғалып кеткендер ойыннан шығады.
Жүргізуші ұйықтамай, қозғалып тұрған балаларды ұстап алады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: |