Спорттық жаттығулар
Үш дөңгелекті велосипед тебу.
«Кім тезірек келеді». Педагог тәрбиеленушілерге қашықтықты барынша тезірек жүріп
өтуді ұсынады. Велосипедпен бұрылуды орындауға және қозғалыс бағытын сақтауға баса
назар аударады. Жүрер алдында велосипедке дұрыс отыру және түсу білігіне назар
аударады. Қажет болған жағдайда жеке-дара көмек көрсетеді.
«Орныңды тап!» (массаж жасайтын төсеніштер).
Кез келген бағытта қос аяқтап секіру.
Нұсқау: еденнен екі аяқпен бір уақытта екпінмен итерілу, тізені аздап бүгіп, жерге аяқтың
ұшымен түсу.
Тыныс алу жаттығуы: «Ара».
Педагог қалай тұру керектігін көрсетеді: қолдарын кеудесіне айқастырып, бастарын төмен
түсіріп, денені тік ұстап тұрады.
Ара ызыңдады: «Жу-жу-жу» (кеуде қуысын қысып, демді сыртқа шығарған кезде: ж-ж-ж
деген дыбыс шығарамыз, содан соң тыныс алған кезде қолдарымызды қапталға созып,
иықтарымызды жазып айтамыз …)
Ыжылдаймын-ыжылдаймын,
Осылайша бал жинаймын.
5 рет қайталайды. Балалардың мұрын арқылы әрі терең дем алуына көңіл бөліңіз.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: |