І. Ұйымдастыру кезеңі. Педагог балалардың назарын залдың периметрін бойлай тасталған түрлі түсті орамалдарға
аударады. Ойын түріндегі жаттығу: «Кім зейінді?»
II. Негізгі кезең. Ойын түріндегі жаттығу: «Жасырынбақ».
Жан-жақта «шашырап» жүру, қолдарына орамал ұстап аяқтың ұшымен жүру.
Шеңберге тұрады. Орамалмен жалпы дамытатын жаттығуларды орындау
(беторамалдарды саусақтардың ұшымен ұстайды, шынтақтарын түзу ұстау керек).
8 метр қашықтыққа төрт аяқтап еңбектеу, 40 см биіктікке көтерілген сырықтың астымен
еңбектеп өту жаттығуларымен кезектестіріп орындайды. Тапсырма – орамалды залдың
қарсы бетіне алып өту – орамалды басына қойып еңбектеп өту. Балаларға берілетін
команда: «Маған қарай еңбектеп кел!».
Тепе-теңдік сақтау – төбесіне құм толтырылған қапшық қойып, жіп бойымен жүру.
«Түсіріп алмай, алып кел!» ойыны. Нұсқау: тапсырманың дұрыс орындалуы дене мен
басты дұрыс ұстауға тікелей тәуелді (егер бас сәл алға қарай еңкейсе, қапшық түсіп кетеді;
тепе-теңдік сақтау және табанды жіптің үстіне қою.
Бір орында оңға және солға бұрылып секіру. Қимыл-қозғалыс ойыны: «Секір-бұрыл».
Ойын: «Шарлар мен бағандар»
Ойын шарттарын еске салу. Нұсқау – шарды асықпай, жаймен домалату қажет.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.