ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ойынға дайындық: сиқырлы қоржынды іздеу сәтін ұйымдастырады.
II. Негізгі кезең.
Орамалдарды таратып шығады. Ойын түріндегі жаттығу: «Біздің қолымыздан бәрі
келеді!» – қолға беторамал ұстап, бір-бірден тізбекте жүру, жүгіру, түзету жаттығуларын
орындау – аяқтың ұшымен жүргенде орамалды жоғары көтереді, өкшемен жүргенде
орамалды алдына ұстайды (музыканың ырғағымен).
Екі тізбекке тұру.
Жалпы дамытатын жаттығуларды орындау (беторамалдарды саусақтардың ұшымен
ұстайды, қолдарын түзетеді)
Негізгі қимыл-қозғалыстарды орындайды:
8 метр қашықтыққа төрт аяқтап еңбектеу, 40 см биіктікке көтерілген сырықтың
астымен еңбектеп өту жаттығуларымен кезектестіріп орындайды. Ойын түріндегі жаттығу
«Ең епті». Түсіндіреді: сырыққа басын тигізіп алмас үшін мүмкіндігінше төмен еңкею.
Допты бір-бірінен 1 метр қашықтықта орнатылған бес заттың арасымен домалату.
Жаттығулардың орындалуын көрсету: допты ақырындап төмен-жоғары итеріп,
кегельдерді оң жағынан және сол жағынан айналып өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |