Тәрбиеленушілер залдың бір жағына екі қатарға тұрады. Қатар бойынша допты
қарсы әдіспен лақтырады.
Бір орында түрегеп тұрып допты бастан асыра лақтыру. Нұсқау: бүгілген қолдарын
екпінмен түзетеді, доптың соңынан тек белгі берілгеннен кейін ғана жүгіреді, залды сол
және оң жақтан айналып өту.
Ойын түріндегі жаттығу: «Әдемі болайық».
Қолын белге таянып, төбесіне қапшық қойып, гимнастикалық орындық үстімен жүру.
Қапшықты құлатып алмас үшін дене мен басты тік ұстауға назар аудару.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Орманға аюға қонаққа бардым».
Ойын тәртібін түсіндіру, санау әдісі арқылы «аюды» таңдап алу, «аю» балаларды киімінен
тартпай, оларға тек қолының ұшын тигізуге тырысады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
«Мен ... » жаттығуы.
Шеңберде тұрады. Еркін дем алады, демін мұрын арқылы асықпай шығарады. Өздерін
әртүрлі бір жануардың немесе адамның орнында сезінеді:
Мен арыстандай
айбаттымын.
Достарыңызбен бөлісу: |