III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады. «Тыныштыққа құлақ түр» – ойын
түріндегі тренинг өткізеді. Тапсырманы орындағаннан кейін гүлге жақындап, иіскейді,
одан қуат алады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
№ 59
Білім беру саласы:
Денсаулық. Әлеумет
Бөлімі: Денешынықтыру
.
Тақырыбы:
Біз өстік
Мақсаты:
Допты меңгеру және гимнастикалық орындық бойымен жүру дағдыларын
қалыптастыру.
Міндеттері:
қозғалыс қарқынын сақтауға, аяқты өкшеден басып, ұшына түсіруге
үйретуді жалғастыру. Түрегеп тұрған күйі допты бастан асырып алысқа лақтыру, қолды
сілкіп түзету арқылы допты күшпен дақтыру қабілетін дамыту. Төбеге қапшық қойып,
гимнастикалық орындықпен дене сымбатын бұзбай жүру, сколиоздың алдын алу.
Спортпен шұғылдануға тәрбиелеу, салауатты өмір сүруге дағдыландыру.
Достарыңызбен бөлісу: |