II. Негізгі кезең.
1. Жүру. Алаңның шетімен баяу жүгіру 1минут. Тыныс алуды қалпына келтіру. Жүру,
шеңберге қайта тұру.
2.
Шаңғыда тұрып дайындық жаттығуларын жасау:
Бір орында шаңғының табанын қарға басып тұрып, шаңғының ұшын жоғары және
төмен қозғалту.
Бір орында шаңғыны қарға басып тұрып, шаңғыны оңға, солға қозғау.
Осыдан кейін балалар қардың үстінде жан-жақта жатқан гимнастикалық таяқшалардан
кезек-кезек аттап өтеді. Педагог балалардың назарын олар әр таяқшаны аттаған сайын
шаңғыны тура, бір-біріне параллель қоюына аударады. Сосын балалар осы жаттығуларды
таяқшасыз оңға және солға қарай орындайды.
Төбешікке қосалқы қадаммен, бір қырымен көтерілу (жатық еңістің ылдиының ұзындығы
– 3 метр). Шағын топтар бойынша шаңғымен түсу (3 рет).
Тәрбиеленушілерді еңістен түсуге үйрету кезінде педагог дұрыс бастапқы қалыпты
көрсетеді және өзі түседі. Балалардың белгілі бір интервалдан кейін кезек-кезек түскені
дұрыс.
Нұсқау: түскен кезде аяқты тізеден сәл бүгу керек («аяқ серіппелі сияқты»).
Достарыңызбен бөлісу: |