Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет335/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

Құралдар  мен  материалдар: 
ойыншық  маймыл,  гимнастикалық  қабырға,  бала  санына 
қарай доптар, күлкілі (бет-әлпет) суреттер. 
Билингвалды компонент: 
маймыл – обезьянка, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау 
болыңыз – до свидания 
 
 ҰОҚ барысы:  
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Ойындық сәт: алыстағы Африка елінен қонаққа келген маймылмен танысу. 
Балаларды маймылға осы күнге дейін үйренгендерін көрсетіп, білгендерін оған үйретуге 
шақырады.
 
II. Негізгі кезең. 
Ойын түріндегі жаттығу: «Жүруді және жүгіруді үйретеміз». 
Кедергілерден секіріп өту арқылы тізені жоғары көтеріп жүру, бағытын өзгерте отырып 
жүгіру, аяқтың ұшымен жүру. 
 
«Билеп үйретеміз» 
Ырғақты гимнастика жасау: кешенді жасаған кезде денені тік ұстап, дене сымбатын 
сақтауға тырысу. 
Негізгі қимылдарды жасау: 
Гимнастикалық қабырғаға өрмелеу (жеке-жеке – маймыл балаларды баспалдақпен 
өрмелеуге үйретеді). 
Өрмелеу, тақтайды ұстау техникасын: бас бармақпен астыңғы жағынан, қалған төрт 
саусақпен үстіңгі жағынан ұстаймыз; аяқ пен қолды үйлесімді қимылдату. 
 
«Доппен ойнауды үйретеміз». 
Бір орында отырған күйі допты бастан асырып алысқа лақтыру. 
Бір-бірінің артына екі қатарға тұру.  
Нұсқау: допты алға-жоғары лақтыру қажет, доптың алысқа кетуі лақтыру күшіне 
байланысты. 
 «Секіруді үйретеміз». 
Қимыл-қозғалыс ойыны:  «Қояндар». Ойын ережелерін түсіндіру. Ең шапшаң балаларды 
ынталандыру. 
 
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет