ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Орындықтарды бір-біріне параллель орналастырады.
Ойындық сәт. Кәдімгі орындықтарды сиқырлы орындыққа айналдыруға шақырады.
Сиқырлы орындық балалардың үлкен болуына көмектеседі.
II. Негізгі кезең. Бір-бірден сап түзеп тұру. Шеңберді бойлай жүру, орындықтардың арасымен «жыланша»
иректеп жүру, шеңберді айналып жүгіру.
Орындықтардың үстінде жалпы дамытатын жаттығуларды орындау: тепе-теңдік сақтау.
Негізгі қимылдарды орындайды:
20 см биіктен тереңге секіру.
Жерге түскеннен кейін тепе-теңдік сақтауға назар аударады.
Оң және сол қолмен алысқа лақтыру.
Орындалу тәсілін түсіндіру.
Нұсқау: допты алға-жоғары-алысқа лақтыру.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Мысық пен құстар».
Ойын ережелерін түсіндіру.
Құстардың қимылдарын әдемілеп салуға назар аударады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.