14
4-5 жастағы балалар сапқа бір-бірден тұрғанда көршісімен жұптасады. Оқу жылының
соңына қарай сапқа тұру күрделіленеді.
Педагог балаларға бір тізбектен немесе саптан бірнеше топтарға бөлініп тұруды
үйретеді. Ол үшін балаларды алдын ала бөлімдерге бөліп алады: оның әрқайсысындағы
балалардың саны тең болуы шарт. Топ жетекшілерін сайлайды. Белгі берілген кезде
жетекшілер белгіленген орынға барып тұрады. Қалған балалар солардың артына барып
сап түзейді.
Кейін балалар жүріп бара жатқан кезде топтарға бөлінуді үйренеді: шашырап жүргенде
немесе бір-бірінің артынан тізбекпен жүрген кездерде. Топқа бөліну туралы нұсқауды
естіген кезде жетекші балалар белгіленген жерге қарай жүріп, тоқтайды және бетін
педагогке қаратып тұрады. Қалған балалар жетекшінің соңына, өз топтарына тұрады.
Бастапқыда балаларға өз тобын табу оңай болуы үшін жетекшілердің қолына жалаушалар
беруге болады.
Сапқа тұру.
Педагог балаларды сапқа тұрғызар алдында өзі оң жақ қапталда «тік тұру» қалпында
тұрып: «Сапқа тұр!» бұйрығын береді. Топ оның сол жағына сап түзеп тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: