Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет14/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

Қозғалыс тәсілдері 
Бір орында жүру.  
Бұйрық: «Бір орында – адым бас!» («Бас» сөзі қысқа айтылады). 
«Бағдарлаушы,  бір  орында  тұр!»  бұйрығы  жүріп  бара  жатқан  топты  бір  адым 
қашықтықта  сапқа  тұрғызу  үшін  беріледі.  Өйткені  қозғалыс  кезінде  жаттығу  жасағанда 
балалардың арасындағы қашықтық үлкен болады. (Педагог бағдарлаушыны атымен атап, 
оның  жанына  тоқтайды.  Өйткені  4-5  жастағы  балалар  үшін  «бағдарлаушы»  сөзінің  өзі 
ауыр). 
«Бір орында!» бұйрығы берілген кезде, балалар арадағы қашықтық қандай болса да бір 
орында тұрып адымдайды. 
«Тік  тұр!»  бұйрығы:  бір  орында  тұрып  адымдауға  көшу  үшін  сол  аяқты  басқанда 
беріледі. Содан кейін оң аяқпен адым басып барып, сол аяқпен алға қарай адымдайды. 
«Тоқта!»  бұйрығы  берілгенде  қозғалыс  тоқтатылады.  Ол  сол  аяқты  басқанда  беріледі, 
содан соң оң аяқпен бір адым ілгері басып, сол аяқты оң аяқтың қасына қоямыз. 
Жүріс.  
«Адым  бас!»  бұйрығы  адым  басқан  кездің  бәрінде  беріледі.  Қозғалыс  сол  аяқтан 
басталады.  
«Жай адымдап – адым бас!» бұйрығы жүріс, жүгірудің басқа түрлерінен ауысқан кезде 
және  қозғалыстағы  жаттығуларды  аяқтаған  кезде  беріледі.  Атқарылатын  бұйрық  сол 
аяқтан беріледі. 
«Жүгіре  адымда!»  бұйрығы:  адымнан  жүгіріске  ауысқанда,  жүгіруден  адым  басуға 
ауысқан кезде беріледі. 
«Адым бас!» командасы: жүрістен жүгіруге ауысқанда беріледі. 
«Бас!» («Марш!») командасы оң аяқтан беріледі. 
Қозғалыс бағытын ауыстыру. 
Айналу.  Команда:  «Солға/оңға/  бұрыл,  айналып  адым  бас!».  Егер  команда  қозғалыс 
кезінде  берілетін  болса,  «Марш!»  командасы  тізбектің    қозғалысы  мен  залдың  шеті 
қиылысатын тұста берілуі тиіс. 
Жыланша ирелеңдеу. 
Ирелеңдеп  жүрген  жүрісті  «жыланша»  жүріс  деп  атаймыз.  Оның  ұзындығы  бірінші 
қарсы жүріске қарап анықталады. Команда: «Ирелеңдеп – адымда!» 
Саптан  шеңбер  құру.  Ол  төмендегі  әдіс  бойынша  іске  асырылады:  «Қол  ұстасып 
шеңберге  тұр!»  командасы  берілгенде  балалар  бір-бірінің  қолынан  ұстайды.  Педагог 
(немесе бала) сол қолымен саптың оң жақ шетінде тұрған баланың оң қолын ұстайды және 


15 
 
айналып,  саптың  сол  жақ  шетінде  тұрған  балаға  қарай  жүреді,  сол  қолымен  оның  оң 
қолынан ұстап, шеңберді тұйықтайды. 
Содан  кейін педагог  саптың  орта  шамасына  қарсы  қарап  тұрады  (3-4  м  қашықтықта), 
саптың оң жақ және сол жақ шетіндегі балаларды педагогке қарай жүріп, шеңбер құруға 
шақырады.  Содан  соң  балаларды  өз  бетінше  шеңбер  құруға  үйретеді.  Ол  үшін:  балалар 
бір-бірінің қолынан ұстап, саптың оң жақ және сол жақ шетіндегі балалар бір-біріне қарсы 
жүреді, бір-бірінің қолынан ұстап шеңберді тұйықтайды. 
Педагог  шеңбердің  көлемін  сақтау  керектігін айтады  және  балалардың  оны тарылтып 
жібермеуін, үзіп алмауын қадағалайды. 
Балаларды  өз  бетінше  шеңбер  құрауға,  жұптасып  тұруға,  тізбек  немесе  сапқа  тұруға 
үйрету  үшін  педагог  сабақтың  басында  оларға  қызықты  тапсырмалар  береді:  белгілі  бір 
тәртіп  бойынша  қатарға  тұрып,  содан  соң  белгі  берілген  кезде  залға  шашырай  жүгіру, 
екінші  рет  белгі  берілген  кезде  тез  арада  өз  орындарына  тұра  қалу.  Көбіне  мұндай 
жаттығуларды: қол шапалақтау, дабыл дауысы, сөз, музыканы кілт тоқтату сынды тағы да 
басқа дыбыстық белгілердің көмегімен орындайды. Мұндай жаттығуларды көзге көрінетін 
белгілердің  көмегімен  де  жасауға  болады.  Мысалы:  қолды  көтеру  немесе  түсіру, 
жалаушаны көтеру немесе түсіру т.б.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет