Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет22/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

Секіруді үйрету әдістемесі 
 
Секіруге үйрету тұтас әдістеме арқылы жүргізіледі. Яғни әрбір секіру оның қозғалыс 
әрекеттерін жеке-жеке көрсетусіз  орындалады.  Бірақ педагог балалардың назарын дұрыс 
атқарылмай жатқан элементтерге, мәселен, бір уақытта қос аяқтап итерілу немесе жерге 
аяқтың ұшымен түсу сынды элементтерге аударғаны жөн. 
Секірудің  қай  түрін  алсақ  та  жерге  дұрыс  түсудің  маңызы  зор.  Сондықтан  баланы 
жерге  жеңіл  түсуге  мейлінше  тезірек  үйреткен  дұрыс.  Бұл  қатты  топыраққа  секіргенде, 
табиғи  кедергілерден  (кейде  биік  болады)  секірген  кезде  баланы  жарақат  алудан 
қорғайды. Сонымен қатар, жалпақтабанның алдын алуға көмектеседі. 
Білім  берудің  бастапқы  сатыларында  секіру  жаттығуын  орындап  көрсетудің,  соның 
ішінде,  жерге  жеңіл  түсу  қажеттігіне  назар  аудартудың  маңызы  зор.  Балалардан  алысқа 
немесе  мейлінше  жоғары  секіруді  талап  етудің  қажеті  жоқ.  Ең  бастысы  –  тепе-теңдікті 
бұзбай,  жерге  жеңіл  түсу.  Педагог  балалардың  барлық  жаттығулар  кезінде  (бір  орында 
тұрып  немесе  алға  қарай  жылжып  секіру,  ұзындыққа  секіру)  жерге  түсу  қабілетін 
шыңдауға ден қойғаны абзал. 
Секірудің  маңызды  элементі  –  жерден  (еденнен,  тіреуден)  итерілу.  Ол  мейлінше 
күшпен,  екпінмен  орындалуы  тиіс.  Ең  бастысы  дер  кезінде,  жылдам  орындалуы  шарт. 
Әйтпесе,  бәсең  қарқынмен  жасалған  серпіліс  қанша  күшті  болса  да  тиісті  нәтиже 
бермейді. Бала сызықтан секіре алмай қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет