Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы


-5 жастағы балаларға арналған жүріс түрлері



Pdf көрінісі
бет19/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

4-5 жастағы балаларға арналған жүріс түрлері
 
 
1. Бірқалыпты ырғақпен қарапайым жүріс

Мұндай жүрісте күш алдымен өкшеге түседі, сонан соң табанды аяқтың ұшына қарай 
басып,  итерілуге  көшеді.  Қолымызды  бірқалыпты  қозғалтамыз  –  шынтақтан  бүгілген 
қолдарымызды  жоғары  көтереміз  (кеудеден  жоғары  көтерілмейді).  Содан  кейін 
шынтағымызды жоғары көтерген қалпында қолдың басын төмен түсіреміз. Қолдың басы 
белдің  деңгейінде  тұрады.  Басымызды  жоғары  көтеріп,  ішімізді  тартып  тұрамыз. 
Иығымызды бос ұстаймыз. 
2. Аяқтың ұшымен жүру
.  
Аяғымызды  мейлінше  түзу  ұстаймыз.  Адымдарымыз  қысқа-қысқа,  денемізді  тік 
ұстаймыз. Аяғымызды табанның алдыңғы бөлігінен басамыз, өкшеміз жерге тимеуі тиіс. 
Қолдарымызды бос ұстап, ақырын қимылдатамыз. Қолды белге таянуға, төбемізге қоюға 
болады. Иығымызды түсіріп, бос ұстаймыз. 
3. Өкшемен жүру.
 
Жүрістің бұл түрін орындау үшін аяқты тік ұстау керек. Ішімізді тартып, арқамызды тік 
ұстаймыз.  Адымдарымыз  қысқа-қысқа.  Аяқты  өкшеден  басып,  ұшын  жоғары  көтереміз. 
Бірақ  аяқтарды  жанға  қарай  шектен  тыс  бұрудың  қажеті  жоқ.  Қолдарымызды  ақырын 
қимылдатамыз (белге немесе басқа қоюға болады). 
4.  Кең адымды жүріс.
 
Қозғалыс аздап баяулайды. Аяқ пен қолдың жүрген кездегі қалпы сақталады. Өкшеден 
аяқтың  ұшына  басамыз.  Жүрістің  бұл  түрін  орындаған  кезде  адымдардың  шектен  тыс 
алшақ болмағаны абзал. Өйткені бұл балалардың енді қалыптасып келе жатқан қозғалыс 
үйлесімділігін бұзады. 
4.
 
 Қосалқы адыммен (жалғамалы) жүру
.  
Алға,  артқа,  оңға  және  сол  жаққа  қарай  орындалады.  Адымды  кез  келген  аяқтан 
бастауға болады: аяқтың бірі алға шығады, екіншісі соның жанына қойылады. Аяқтардың 
екеуі  қосылып,  адым  басқан  сайын  өкшелеріміз  қосылады.  Екінші  аяқты  біріншісінің 
қасына  қойған  кезде  тік  ұстау  қажет.  Қолдарымыз  қозғалысқа  атсалыспайды  –  оларды 
белгі  қоюға  болады.  Жүрістің  бұл  түрін  музыканың  ырғағымен  жасаған  дұрыс.  Музыка 
таңдаған кезде жүрістің сипатын ескеру қажет: марш – тізенің бүгілгенін білдірмейтіндей 
нық жүру; музыка әуенімен жүру – жұмсақ, бір немесе екі аяқты серпіп жүру т.б. 
 
 
 
 


21 
 
Жүгіру 
 
Жылдам  әрі  еппен  жүгіру  баланың  негізгі  жұмысы  –  ойын  барысында  өте  қажет. 
Жүгірудің баланың күнделікті өмірінде алар орны ерекше. Бұл олар балабақшаға барса да, 
ауладағы ойын алаңында ойнаса да жүгіру қабілеті ауадай қажет.   
Жүріс  сияқты  жүгіру  де  –  циклдік  типтегі  жаттығу.  Онда  тіреліп  тұрған  аяқтан  (оң 
немесе  сол)  итеріліп,  оны  қалықтаумен  кезектестіріп  отырамыз.  Жүгіруді  жүрістен 
ерекшелендіретін  де  осы.  Жүгірген  кезде  де  жүрістегі  сияқты  қол  мен  аяқтың 
үйлесімділігі,  денені  дұрыс,  тік  ұстау,  аяқты  дұрыс  қоюдың  маңызы  зор.  Жекелеген 
тізбектерді  бірнеше  рет  қайталау  (итерілу,  қалықтау,  жерге  түсу)  шаршағанды  сезінбей 
ұзақ  уақыт  жүгіруге,  шыдамдылық  қабілетін  дамытуға  мүмкіндік  береді.  Жүгірудің 
сырттай  жеңіл  көрінуі  қозғалыс  үйлесімділігі  кезінде  күшті  оңтайлы  жұмсаумен  тығыз 
байланысты.  Жақсы  нәтижеге  (жоғары  жылдамдыққа  немесе  алысқа  жүгіруге)  қол 
жеткізуге  мүмкіндік  беретін  негізгі  сәттердің  бірі  жүгірудің  ырғақтылығы  болып 
табылады. 
4-5  жасқа  келгенде  көптеген  балалардың  қимыл-қозғалыс  үйлесімділігі  артып,  жүгіру 
ырғағы  қалыпқа  түсе  бастайды.  Жүгіруді  қозғалыстың  өзге  түрлерімен  үйлестіріп, 
ауыстыруға мүмкіндік туады. 
Дегенмен 5 жасқа адым басқан бала жүгіру техникасының барлық элементтерін дұрыс 
орындайды  деуге  болмайды.  Мысалы,  олар  денесі  мен  басын  шектен  тыс  алға  қарай 
еңкейтеді,  иығы  мен  қолдарын  қысып  ұстайды.  Қолдары  аса  көп  қимылдамайды  және 
жүгірістің  екпінін  күшейтуге  көмектесе  алмайды.  Адымдары  қысқа,  бірқалыпты 
болмайды, аяқтарын алға нық баспайды. Табандарын қатар қою және өкшеден аяқ ұшына 
қарай  басу  жағдайы  сақталады.  Табандарының  тиісінше  иілмеуі  мен  аяқтағы  бұлшық 
еттерінің  әлсіздігі  салдарынан  жүгіру  жылдамдығы  аса  жоғары  болмайды,  биікке 
қалықтай  алмайды,  итерілу  күші  де  аса  жоғары  болмайды.  Бұл  жастағы  балалардың 
жүгірген  кезде  кеңістікте  бағдарлау  қабілеті  жақсарады.  Бұл  жүгіруді  ұжымдық  қимыл-
қозғалыс  ойындарын  ойнаған  кезде  кеңінен  пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Мұндай 
ойындар  барысында  балалар  шынайы  қалыпта  жүгіріп  жаттығады.  Бұл  қозғалыс 
белсенділігін арттырып, жүгіру жылдамдығын күшейтуге ықпал етеді. 
Бес  жасқа  аяқ  басқан  балалардың  жүгіру  қабілетін  жетілдіруге  арналған  арнайы 
жаттығулар өте көп қолданылады. Олар білім берудегі негізгі деген екі міндетті шешуге 
бағытталған  (бірқалыпты  жүгіруді  және  белсенді  алға  шығу,  санды  көтеріп  жүгірулерін 
дамыту).  Балалардың  бойында  осы  қасиеттерді  дамыту  үшін  жерден  күшпен  итерілуге, 
адымын  кеңірек  ашып,    бөксесін  мейлінше  жоғары  көтеруге  үйрететін  тапсырмалар 
беріледі  (жерге  шамамен  80–100  см  қашықтықта  сызылған  сызық  арқылы  жүгіру 
жаттығулары
). 
Бала сызық, арқан арқылы аттап жүгіруі тиіс және олардың арасына тек бір 
аяғын  ғана  басуы  шарт.  Ол  үшін  жалпақ  шеңберлер,  дөңгелектер  мен  шаршылар 
пайдалануға  болады.  Бір  уақытта  осындай  3-4  кедергі  қоюға  болады.  Балалар  солар 
арқылы бірінен кейін бірі жүгіріп өтеді. Бұл тапсырманы балалардың бәрі бірдей орындай 
алмайды. Сондықтан оларды жиі-жиі қайталап тұру қажет. 
Педагог  дұрыс  жүгіру  техникасын  көрсете  және  түсіндіре  отырып,  балалардан  оны 
қайталап  көрсетуді  талап  етпегені  дұрыс.  Балалардың  назарын  жүгірудің  жекелеген 
компоненттеріне (қолдардың қозғалысы, денені ұстау қалпы және т.б.) шектен тыс аудару 
қозғалыс кезінде балалардың өздерін еркін ұстауына кедергі келтіреді.  
 Педагог  ұйымдастырылған  оқу  қызметі  барысында  кеңістікте  бағдарлау  қабілетін 
жетілдіруге  бағытталған  (жүгіріп  бара  жатқанда  бағытын  белгілі  бір  жаққа  қарай 
ауыстыру, заттарды айналып өту және т.б.), өзінің қимыл-қозғалысы мен жүгіріс екпінін 
қасында  бірге  жүгіріп  келе  жатқандармен  келісіп  алуды  үйрететін    қосымша 
тапсырмаларды да пайдалануы тиіс. Жүгіріске қатысты жаттығудардың барлығын дерлік 
музыканың ырғағымен орындаған жақсы. 
 


22 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет