II. Негізгі кезең.
Бір-бірден тізбекке тұру, жүру, жүгіру; доппен жасалатын реттеу жаттығулары (допты оң
қолға ұстап), аяқтың ұшымен жүру – допты басынан асырып ұстайды, өкшесімен жүру –
допты алдына шығарып ұстайды.
Шеңберге тұру.
Доппен жалпы дамытатын жаттығуларды орындау. Жаттығулардың дұрыс орындалуына,
дене сымбатының сақталуына назар аударады.
Негізгі қимыл-қозғалыстарды орындайды:
1. Допты 2 метр қашықтықтан қақпаға домалату. Балалардың назарын допты
саусақтардың күшімен итеру керектігіне және доптың қозғалыс бағытын сақтау
қажеттігіне аударады.
2. Секіру: бір аяқты алға – екіншісін артқа қойып секіру. Ойын түріндегі жаттығу:
«Шапалақта-секір».
3. Тепе-теңдік сақтау – қос сызықтың ортасымен жүру. Ойын түріндегі жаттығу: «Жолмен
жүріп өт». Нұсқау – жолдың шетіне шығып кетпеу, дене сымбатын сақтау.
Қимыл-қозғалыс ойыны:
«Тоннельге еңбектеп кір».
Ойынның тәртібін түсіндіру. Ең шапшаң әрі батыл балаларды ынталандыру.
Достарыңызбен бөлісу: |