Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет209/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

 
II. Негізгі кезең. 
Бір-бірден тізбекке тұру.  Жүру, доппен түзету жаттығуларын жасау: допты қолына 
ұстап жүру (оң қолына), аяқтың ұшымен жүргенде – допты басынан жоғары көтеріп 
ұстайды, өкшемен жүргенде – допты алдында ұстайды.  
 
Екі тізбекке тұрады. Доппен жалпы дамытатын жаттығуларды орындау. 
Жаттығулардың дұрыс орындалуына, арақашықтықтың сақталуына, бастапқы қалыпқа 
тұру, допты жерге түсіріп алмау қабілеттерін  бақылайды.  
Негізгі қимыл-қозғалыстарды орындайды:  
Допты жоғары лақтыру және оны екі қолдап қағып алу. 
Жаттығуды түсіндіру және көрсету: допты алға-жоғары лақтырып, саусақтармен ұстау 
қажет. Допты өзіне жақындатып қыспайды. 
 


94 
 
Биіктігі 40 см арқанның астымен бүйірімен (қапталдап) өту.  Жаттығудың орындалу 
техникасын түсіндіру: арқанға жақындап, оң қапталымен тұрады, еңкейеді, арқанның 
астына алдымен оң аяғы мен оң жақ иығын, басын кіргізіп, өтеді, содан кейін сол аяғын 
шығарады, бойын тіктеп, тізбектің  соңына барып тұрады. 
 
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Мысық пен құстар» 
Ойын тәртібін түсіндіру.  
Нұсқау: ойын кезінде айқайлауға, жүгіргенде бір-бірін итеруге болмайды.  
Педагог – мысық болады. 
 
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет