6
Орта топта педагогтің балалардың қимыл-қозғалыстарды орындау деңгейіне қатысты
талабы өзгереді. Өйткені олар қимыл-қозғалыс техникасын енді ғана үйрене бастайды.
Олардың дұрыс әрі сапалы орындалуын педагог үнемі бақылауда ұстауы тиіс. Мектеп жасына
дейінгі балалар бес жасқа қарай жаттығуларды өзгелермен бір ырғақта, бірдей, еркін
орындауы тиіс. Сонымен қатар жаттығулардың бағытына қарай (оңға және солға) өз бетінше
ауыса білуі шарт.
Баланы қимыл-қозғалыс түрлерін бір-бірінен ажырата білуге, есте сақтауға және
жасауға үйретеді. Олар өздерінің іс-қимылдарын көзбен бақылай бастайды. Педагог
балаларды өздері мен қасындағы жолдастарының қозғалысын бағалауға үйрете бастайды.
Денешынықтыру пәніне арналған ұйымдастырылған оқу қызметі білім беру, тәрбиелеу
мен сауықтыру саласындағы міндеттерді шешуге бағытталған. Білім беру міндетіне
балаларға жаттығу жасауды үйрету, алған білімі мен дағдысын іс жүзінде қолдана білуге
баулу жатады. Балалардың бойында дене тәрбиесі, оның адам организмін сауықтырудағы
рөлі, жаттығуларды орындау тәсілдері т.б. туралы түсінік болуы шарт.
Достарыңызбен бөлісу: