Құралдар мен материалдар:
ойыншық маймыл, гимнастикалық қабырға, бала санына
қарай доптар, күлкілі (бет-әлпет) суреттер.
Билингвалды компонент:
маймыл – обезьянка, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау
болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ойындық сәт: алыстағы Африка елінен қонаққа келген маймылмен танысу.
Балаларды маймылға осы күнге дейін үйренгендерін көрсетіп, білгендерін оған үйретуге
шақырады.
II. Негізгі кезең.
Ойын түріндегі жаттығу: «Жүруді және жүгіруді үйретеміз».
Кедергілерден секіріп өту арқылы тізені жоғары көтеріп жүру, бағытын өзгерте отырып
жүгіру, аяқтың ұшымен жүру.
«Билеп үйретеміз»
Ырғақты гимнастика жасау: кешенді жасаған кезде денені тік ұстап, дене сымбатын
сақтауға тырысу.
Негізгі қимылдарды жасау:
Гимнастикалық қабырғаға өрмелеу (жеке-жеке – маймыл балаларды баспалдақпен
өрмелеуге үйретеді).
Өрмелеу, тақтайды ұстау техникасын: бас бармақпен астыңғы жағынан, қалған төрт
саусақпен үстіңгі жағынан ұстаймыз; аяқ пен қолды үйлесімді қимылдату.
«Доппен ойнауды үйретеміз».
Бір орында отырған күйі допты бастан асырып алысқа лақтыру.
Бір-бірінің артына екі қатарға тұру.
Нұсқау: допты алға-жоғары лақтыру қажет, доптың алысқа кетуі лақтыру күшіне
байланысты.
«Секіруді үйретеміз».
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қояндар». Ойын ережелерін түсіндіру. Ең шапшаң балаларды
ынталандыру.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: |