Күтілетін нәтиже:
жасайды:
заттарды бір қолмен алысқа лақтыру, көлбеу тақтай үстімен еңбектеу, орындық
үстімен жүру жаттығуларын, ойындағы әртүрлі рөлдерді.
түсінеді:
асықтарды қандай мақсатта пайдаланатынын, қимылдарды топтарға бөлініп
жасау, лақтырғанда қолды күшпен серпу жолдарын, орындық үстінде екі жаққа ажыраған
кезде үйлесімді қимылдау қажеттігін.
қолданады:
аумағы шектелген жерде еңбектеу қабілетін, ұсақ заттарды алысқа лақтыру
қабілетін, орындық үстімен жүргенде тепе-теңдік сақтау және кеңістікте бағдар табу
қабілетін.
Құралдар мен материалдар:
дорба, бала санына қарай асықтар, «сиқырлы асық»,
гимнастикалықт орындықтар (биіктігі – 20 см) – 2 дана, шеңберлер – 10 дана.
Билингвалды компонент:
Асық ойнаймыз – Играем в асыки, «Тез ал – тез көтер» –
«Быстро возьми, быстро подними», асықты айналып жүру – ходьба вокруг асыков, асықты
айналып жүгіру – бег вокруг асыков, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до
свидания
Достарыңызбен бөлісу: |