1. Жүру. Қолға арналған тапсырма – қолды екі жаққа, жоғары, алға созу. Бағытты өзгерте отырып, алаңмен баяу жүгіру (1 мин), тыныс алуды қалпына келтіру. Жүру. 2 тізбекке қайта тұру.
«Гол соқ». Спорттық ойын элементтері – футбол. 2 метр қашықтықтан қақпаға допты соғу.
Педагог допты аяқпен екпінді түрде ителіруіне және доптың қақпаның ортасына
бағытталуына назар аударады. Жаттығуды орындау: тәрбиеленушілер қозғалыс
басталатын сызыққа жақындайды, допты белгіге дейін алып барады, педагогтің белгісі
бойынша оның артынан жүгіреді және допты аяғымен келесі ойыншыға домалатады,
тізбектің соңына барып тұрады.
«Шеңберге тұр»
Алаңның әр жағында педагог әр түсті бір-бір кегельден қойып шығады, балалардың бір
тізбег і қызыл түсті кегельді айнала, екіншісі – жасыл түсті кегельді айнала тұрады.
Педагогтің «Серуенге?» деген бегісі бойынша барлығы түрлі бағытта жүгіреді. «Өз түсіңді
тап!» деген келесі белгі бойынша балалар өз орындарына барып, шеңбер жасайды.