Қасқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы:Сұраулы сөйлем
Бөлім:
|
Менің мектебім
|
Педагогтің аты-жөні
|
|
Күні:
|
|
Сынып: 2
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сұраулы сөйлем
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
2.3.7.1 сөйлем түрлерінің айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қолдану;
2.2.3.1 мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
2.2.5.1 дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мәліметті табу жолын анықтап, берілген тақырып, сұрақ бойынша мәліметті іріктеп алу;
2.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұнына өз ойын (ұнайды, ұнамайды, себебі ..., пайдалы, пайдасыз
болды, себебі ...) білдіру
|
Сабақтың мақсаты
|
Сөйлем түрлерінің айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қолданады.
Мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді. Дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мәліметті табу жолын анықтап, берілген
тақырып, сұрақ бойынша мәліметті іріктеп алады.
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ақуал
Кеудемізде күн күлсін,
Бізге шуақ нұр құйсын.
Мейірімді жан өзіңмен,
Көңілім жайнап құлпырсын!
-Олай болса жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық.
|
Ширату жаттығуларын жасайды.
Сабақ тақырыбын, мақсатын ашады.
|
|
Сары ,қызыл ,жасыл , житондар
|
Сабақтың ортасы
10 мин
2 мин
18 мин
|
(Ұ)Белсенді оқытудың «Нұсқау беру және айту» әдісі
Оқулықпен жұмыс
Оқылым
46 - жаттығу
Неге ?
Бұлттар неге ауады?
Жаңбыр неге жауады?
Шағыл неге көшеді?
Жарық неге өшеді?
Маса неге шағады?
Жұлдыз неге ағады?
Орман неге шулайды?
Теңіз неге шулайды? Қадыр Мырза Әли
Белсенді оқытудың «Көрсету және модельдеу» әдісі.
«Жаз» ӨЖ
47 – жаттығу. Сұраулы сөйлемдер құрап жазу.
Сабақтың басталатын уақытын;
Сыныптағы кезешінің есімін;
Асқардың сабақтан кешігу себебін;
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың санын.
Сергіту сәті
48 - жаттығу: «Салыстыр»ҰЖ
«Дәлелде»ЖЖ
49 -жаттығу.
Өскенде кім болғың келеді?
Өскенде ұшқыш болғым келеді.
Ұшқыш болу үшін қандай болу керек?
Ұшқыш болу үшін батыл болу керек.
Айгүл, сен нені ұнатасың?
Мен сурет салуды ұнатамын.
Кімге ұқсағың келеді?
Әбілхан Қастеев сияқты суретші болғым келеді.
|
- Мәтінді оқиды.
-Сұрақтарға жауап береді.
-Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстырады.
Өлеңді дауыстап айтып, сәйкес қимыл жасайды.
- Сөздердің мағынасын түсіндіреді.
-Ережені оқиды.
Сұрақтарға жауап береді
Сөйлемдерді сәйкестендіреді
|
Дескриптор:
1. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқиды;
2. Өлеңдегі сұраулық мағынаны білдіретін сөзді тауып айтады;
3 . Бір-бірінің жауаптарын толықтырады
Дескриптор:
1.Берілген жағдаяттарды білу үшін сұрақ құрап жазады;
2.Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне қарай сөйлемнің түрін ажыратады;
3.Сөйлемді қатесіз көркем жазады
Дескриптор:
1. Сөйлемге сәйкес сұрақтар құрап айтады;
2. Сөйлеммен сұрақтың сәйкестігін анықтайды;
4.Екі бағандағы сөйлемдердің бір-бірінен өзгешелігін дәлелдейді;
|
Оқулық
Оқулық, дәптер
|
Сабақтың соңы
|
Үй тапсырмасы: 95-бет 48-жаттығу, ереже жаттау
|
|
|
Білім ағашы парақ
шасы стикер
|
Достарыңызбен бөлісу: |