ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалардың назарын жабық тұрған сандыққа аударады. Сандықтың үстінде карточкалар
салынған хатқалта жатыр. «Сандық біз тапсырманы орындағаннан кейін ғана ашылады».
II. Негізгі кезең.
№1 карточка.
Допты пайдаланып түзету жаттығуларын орындау: аяқтың ұшымен жүргенде – допты
жоғары көтереді, өкшемен жүргенде – допты алға шығарып ұстайды. Қолға доп ұстап,
солға қарай қосалқы адым жасап жүру.
Допты пайдаланып, жалпы дамытатын жаттығулар орындау: саусақтарын қатты қыспай,
допты еркін ұстау.
Негізгі қимылдарды орындау.
№2 карточка.
Допты бір қолмен еденге ұру.
Нұсқау: саусақтарын жазып, допты алақанымен қарсы алу, допты қолдың басымен соғу.
Қимылдардың дұрыс орындалуын қадағалау.
№3 карточка.
Көлбеу баспалдақ (саты) үстімен өрмелеу, гимнастикалық қабырғаға өту, көшпелі саты
гимнастикалық қабырғаның төртінші кермесіне қойылған.
Көлбеу сатының шетінен ұстау техникасының сақталуын қадағалау: бас бармақпен
үстінен, төрт саусақпен астыңғы жағынан қысып ұстайды.
№4 карточка.
Көлденең бөрене үстімен жүру.
Достарыңызбен бөлісу: |