III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады.
Ойын түріндегі жаттығу: «Дұрыс көрсет», жүргізуші рөлін орындау: «Көңіл күйің
қандай?», «Көңіл күйлерің қалай?»
Бір-біріне қайырымды, тату болу керектігін балалардың есіне салады.
ҚОСЫМШАЛАР
№1 ҚОСЫМША
ЖАЛПЫ ДАМЫТАТЫН ЖАТТЫҒУЛАР КЕШЕНІ
Жалпы дамытатын жаттығулар
№1 кешен
1. Б.қ.: аяқты қатарластырып қояды, қолды төмен түсіреді. Қолды қапталдан жоғары
көтеру, дәл сол қалпында қапталдан түсіру. Б.қ.: тұрады (5-6 рет)
2. Б.қ.: аяқтарының арасын иықпен бірдей етіп ашып тұрады. Қолды белге қояды. Солға
қарай бұрылады, оң қолды қапталға созады. Б.қ.: тұрады. Содан кейін екінші жаққа
істейді. (Бір жаққа 3 реттен)
3. Б.қ.: аяқтың арасын сәл ашып, қолды төмен түсіріп тұрады. Отырады, қолдарын алға
созады, тұрады. Б.қ. (5-6 рет)
4. Б.қ: аяқтарының арасын ашып, қолды белге таянып тұрады. Алға қарай еңкейіп,
аяқтарының ұшындағы еденге қолын тигізеді, бойын тіктейді. Б.қ. (6 рет)
5. Б.қ.: аяқтың арасын сәл ашып, қолды белге қойып тұрады. Бір орында қос аяқтап секіру
мен жүгіру жаттығуларын кезектестіре орындау. (3 рет)
Достарыңызбен бөлісу: |