195
3. Б.қ.: тізерлеп тұрады, қол белде. Оңға (солға) бұрылады, оң қолдың (сол қолдың)
саусақтарын сол аяқтың (оң аяқтың) өкшесіне тигізеді. Б.қ. (әр жаққа 3 реттен)
4. Б.қ.:
шалқасынан жатып, қолын денесінің бойына қояды. Оң (сол) аяқты көтереді,
түсіреді. Б.қ.
5. Б.қ.: аяқтарының арасын ашып тұрады, қолын белге қояды. Қос аяқтап секіру және бір
орында жүгіру жаттығуларын кезектестіріп орындайды. (3-4 рет)
№7 кешен
(кегельдермен)
1. Б.қ.: аяқтарының арасын ашып, оң қолына кегель ұстап тұрады. Қолдарын қаптал
арқылы жорғары көтереді, кегельді сол қолына алады, қолдарын түсіреді. (5-6 рет)
2. Б.қ.: аяқтарының арасын иықтың деңгейінде ашып ұстайды, оң қолда кегель. Еңкейеді,
кегельді сол
аяқтың қасына қойып, белін таянып, бойын тіктейді; еңкейіп, кегельді сол
қолына алады, бойын тіктейді. Осы жаттығуды оң аяқпен де қайталайды. (Әр аяқпен 3
реттен)
3. Б.қ.: тізерлеп тұрады, қолымен белін таянып, оң қолына кегель ұстап тұрады. Оңға
(солға) бұрылады, кегельді алады. (3 реттен)
4. Б.қ.: аяқтарының арасын аздап ашады, оң қолда – кегель. Отырады, кегельді еденге
қояды, тұрады, бойын тіктейді, қолдарын арқасына қояды. Отырады, кегельді алады. Б.қ.
(6-7 рет)
5. Б.қ.: кегельдің жанында тұрады. Қолдарын еркін ұстайды. Кегельді айналып қос
аяқтап секіреді. (Әр жаққа 2 реттен қайталайды)
Достарыңызбен бөлісу: