№8 кешен
(текшелермен)
1. Б.қ.: аяқтарының арасын сәл ашып тұрады. Оң қолда – текше. Қолдарын қаптал арқылы
жорғары көтереді, текшені сол қолына алады, қолдарын түсіреді. (5-6 рет)
2. Б.қ.: аяқтарының арасын сәл ашып тұрады. Отырады, текшені еденге қояды. Қолымен
белін таянып, тұрады, бойын тіктейді. Б.қ. (5-6 рет)
3. Б.қ.: тізерлеп, оң қолына текше ұстап тұрады. Оңға (солға) бұрылады, текшені оң (сол)
аяғының бас жағына қояды. Б.қ.: (әр жаққа 3 реттен)
4. Б.қ.: аяқтарының арасын ашып отырады, оң қолда – текше. Еңкейеді, текшені оң (сол)
аяғының қасына қояды, бойын тіктейді, қолымен белін таянады. Еңкейеді, текшені алады.
Б.қ. (5-6 рет)
5. Б.қ.: аяқтарының арасын сәл ашып, қолымен белін таянып тұрады. Текше еденде
тұрады. Текшені айналып қос аяқтап секіреді. (Әр жаққа 3-4 реттен)
Достарыңызбен бөлісу: |