Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет483/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   479   480   481   482   483   484   485   486   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

 
№14 кешен 
(жалаушалармен)
 
1. Б.қ.: аяқтарының арасын сәл ашып, жалаушаларды төмен түсіріп тұрады. Жалауларды 
қапталға созады, жоғары көтереді, айқастырады, қапталға созады. Б.қ.  (5-6 рет)                                                                               
2. Б.қ.: аяқтарының арасын иықтың деңгейінде ашып тұрады. Жалаушалар – артта. 
Еңкейеді, таяқшаларды аяқтың ұшына тигізеді (оң жақтан және сол жақтан), бойын 
тіктейді. Б.қ. (5-6 рет)               
3. Б.қ.: тізерлеп тұрады. Жалау – кеуде тұсында. Оңға (солға) бұрылады, қолдарын 
қапталға, алға созады. Б.қ. (5-6 рет)               
4. Б.қ: аяқтарының арасын ашып, жалаушаларды кеуде тұсына қойып отырады. Еңкейеді, 
таяқшаларды аяқтың ұшына тигізеді, бойын тіктейді. Б.қ. (5-6 рет)               
5. Б.қ.: аяқтарының арасын ашып тұрады. Жалаушалар – төменде. Қос аяқтап секіру және 
бір орында жүру. Жаттығуларды кезектестіріп орындайды. (3–4 рет) 
 
№15 кешен
 
(орындықтармен) 
1. Б.қ: қолдарын төмен түсіріп орындықта отырады. Қолдарын қапталға көтереді; жоғары 
көтереді, бастапқы қалыпқа оралады. (5-6 рет) 
2. 
Б.қ.:  сол  қалыпқа  тұрады,  қолды  белге  қояды.  Оңға  (солға)  еңкейеді,  саусақтарының 
ұшын еденге тигізеді, бойын тіктейді, бастапқы қалыпқа оралады. (3 реттен) 
3. Б.қ.: сол қалып, қоларын орындықтың жанына тірейді. Оң (сол) аяғын тігінен көтереді, 
түсіреді. (5-6 рет) 
4. Б.қ.: орындықтың арқасында тұрады. Өкшесін қосып, аяқтарының басын ашып тұрады. 
Қолымен орындықтың арқасынан ұстайды. Отырады, тізелерін екі жаққа ашады, арқасын 
тік ұстайды, бастапқы қалыпқа оралады. (5-6 рет) 
5. Б.қ.: сол қалып. Қолын белге қояды. Қолдарын қапталға созады, еңкейеді, алақандарын 
орындықтың  отыратын  жеріне  тигізеді,  бойын  тіктейді,  бастапқы  қалыпқа  оралады.  (5-6 
рет) 
6. Б.қ.: сол қалып. Орындықты айналып қос аяқтап секіреді, бір орында жүреді. 
Жаттығуларды кезектестіріп орындайды. (3-4 рет) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   479   480   481   482   483   484   485   486   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет