198
5. Б.қ.: шалқасынан жатады. Шеңберді бастан асырып ұстайды. Тізесін бүгеді, шеңбердің
шетін тізесіне тигізеді. Б.қ. (5-6 рет)
6. Б.қ.:
аяқтарының арасын сәл ашып, шеңберде тұрады. Шеңбердің ішінде қос аяқтап
секіреді, сегізінші рет санағанда шеңберден секіріп шығады (жүрумен кезектестіріп 4 рет).
№17 кешен
1.Б.қ: аяқтарының арасын сәл ашып, қолын белге қойып тұрады. Қолдарын қапталға,
жоғары көтереді, бастан асыра шапалақтайды, бастапқы қалыпқа оралады. (5–6 рет)
2. Б.қ.: н.т.: қолын төмен түсіріп тұрады. Отырады, қолдарын алға созып, шапалақтайды.
(5-6 рет)
3. Б.қ: аяқтарының арасын сәл ашып, қолдарын бастан асырып жоғары көтеріп тұрады.
Оңға (солға) еңкейеді, аяқтарын шапалақтайды, бастапқы қалыпқа оралады. (Әр жағына 3
реттен)
4. Б.қ.: аяқтарының арасын ашып отырады. Қолдарын артта ұстайды. Қолдарын қапталға
созады, саусақтарын аяқтың ұшына тигізеді (оң және сол), қолдарын қапталға созады. Б.қ.
(5–6 рет)
5.Б.қ.:
шалқасынан жатады, қолдарын тіктеп, басынан асыра созады. Аяқтарын тіктеп
көтереді, қолдарымен тізесін шапалақтайды, аяқтарын түсіреді. Б.қ. (5-6 рет)
6. Б.қ.: аяқтарының арасын сәл ашып, қолдарын белге қойып тұрады. Өзін айналып қос
аяқтап секіреді, бір орында жүреді. Жаттығуларды кезектестіріп орындайды (3-4 рет).
Достарыңызбен бөлісу: