Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет492/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   488   489   490   491   492   493   494   495   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

 
«Жеміс жинау». 
Тік  тұрып,  алманы  алу  үшін  қолдарын  жоғары  көтереді,  дем  алады  (3  секунд 
үзіліс). Қолдарын түсіріп, денесін алға және төмен еңкейетеді – демін шығарады. 3-4 рет 
қайталайды. 
Қаласам  солға  қарай  ысқырамын  (басын  солға  бұрады,  ернін  дөңгелектеп 
үрлейді).  
Қаласам  оңға  қарай  ысқырамын  (басын  тік  ұстайды,  дем  алады,  басын  оңға 
бұрады, ернін дөңгелектейді, демін сыртқа шығарады). 
Жоғарыға  (басын  тік  ұстайды,  мұрын  арқылы  дем  алады,  еріндерін  дөңгелектеп 
демін сыртқа шығарады, дем алады).  
Бұлттарға  үрлеймін  (басын  төмен  түсіріп,  иегін  кеудесіне  түсіреді,  ауыз  арқылы 
еркін дем алады). 
Ал, әзірге, бұлттарды қуалайын (қолдарын айналдырады). 3-4 рет қайталайды. 
«Тауықтар». 
Балалармен  бірге  жасаңыз.  Тұрыңыз,  еңкейіңіз.  Басты  төмен  түсіріп,  қолдарды 
қапталға  созып  «қанат»  жасаңыз.  «Так-так-так»  деген  сөздерді  қайталап,  тізеңізді 
шапалақтаңыз.  Деміңізді  сыртқа  шығарыңыз.  Бойды  тіктеп,  қолды  жоғары  көтеріңіз  – 
тыныс алу. 5 рет қайталау керек. 
«Ара». 
Балаға қалай отыру керектігін көрсетіңіз: бойды тіктеп, қолдарды кеуде тұсында 
айқастырады және басын төмен түсіреді.  
Ара айтты: «Жу-жу-жу» (кеуде қуысын қысамыз және демімізді сыртқа шығарған 
кезде:  «ж-ж-ж»  деген  дыбыстар  шығарамыз,  тыныс  алған  кезде  қолдарымызды  қапталға 
қарай сермеп, қанат қағамыз…)  
Ұшамын, ызыңдаймын, балаларға бал әкелемін (тұрады және қолдарын қапталға 
созады, бөлмені айналып келеді, орнына оралады).  
5  рет  қайталайды.  Балалардың  мұрын  арқылы  дем  алуына  және  терең 
тыныстауына назар аударыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   488   489   490   491   492   493   494   495   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет