Гимнастика жалпы тыныс алу жаттығуларынан басталады. Олардың мақсаты –
дем көлемін арттырып, оның ырғағын қалыпқа келтіру. Баланы аузын жауып демалуға
жаттықтырады. «Мұрныңмен терең дем ал, деміңді мұрынмен созып шығар» деген
сөздерді айта отырып, балаларды мұрын арқылы тыныстауға үйретеді.
Жаттығуларды түрлі кедергілермен жасайды. Ересек адам қолын баланың
кеудесіне қояды. Сол арқылы баланың терең дем алуына 1-2 секунд кедергі жасайды.
Баланы демін іште ұстауға, тез әрі терең демалуға, демін ақырын шығаруға үйретеді.
Тыныс алу гимнастикасын жасаған кезде баланы шаршатып алуға болмайды.
оның иықтарын, мойнын қыспай, еркін ұстауына назар аудару қажет.
Тыныс алу жаттығуларының бәрі музыканың ырғағымен немесе санау арқылы,
ауасы жақсылап тазартылған бөлмеде өткізілуі тиіс. Бұл жаттығуларды түрлі ойын
тәсілдерін пайдалану арқылы жасаған дұрыс.
Тыныс алу жаттығулары адам организміндегі әрбір жасушаны оттегімен байытуға
көмектеседі. Тынысын басқару қабілеті өз-өзін басқару қабілетін күшейтеді. Сонымен
қатар дұрыс тыныстау жүректің, ми мен жүйке жүйесінің жұмысын жақсартып, адамды
көптеген аурулардан арылтады, ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартады. Себебі, тамақ
қорытылып, сіңбес бұрын алдымен қандағы оттегімен байып, тотықтануы тиіс.
Демді ақырын шығару бойды босатуға, тыныштандыруға, ашушаңдық пен толқу
сезімдерінен арылуға көмектеседі.
Оған қоса, бұл жаттығулар тыныс жолдары сырқаттарымен, бронхит
ауруларымен жиі ауыратын балалар үшін, өкпесі қабынып ем қабылдаған және өкпе
демікпесіне шалдыққандар үшін ауадай қажет.
Тыныс алу гимнастикасы кез келген емге (дәрі-дәрмекпен емдеу, гомеопатиялық,
физиотерапиялық ем) таптырмас қосымша болып табылады, балалардың әлі толық дамып
жетілмеген тыныс алу жүйесін дамытады және организмнің қорғаныс күшін нығайтады.
Балаларға арналған тыныс алу жаттығуларын орындау техникасы:
– демді мұрын арқылы алады;
– иықтарын көтермейді;
– демді созып ақырын шығарады;
203
– балалардың ұртының ауаға толмау жағын қадағалау қажет (бастапқыда ұрттарын қолмен
ұстап тұрса болады).