204
Аю тышқанға қонаққа бара жатыр (аяқтарының ұшымен жүреді).
Бірақ үйге сыймайды. 3-4 рет қайталайды.
«Жел».
Мен желмін, өте күштімін,
Қалаған жағыма ұшамын (қолдарын түсіріп, аяқтарының арасын аздап ашып
тұрады, мұрын арқылы дем алады).
Қаласам, солға қарай ысқырамын (басын солға бұрып, еріндерін дөңгелектейді,
үрлейді).
Оңға үрлесем де болады (басын тік ұстайды, дем алады, солға бұрады, еріндерін
дөңгелектеп демін сыртқа шығарады).
Жоғарыға қарай (басын тік ұстап, мұрын арқылы дем алады, еріндерін
дөңгелектеп демін сыртқа шығарады, дем алады).
Бұлттарға қарай (басын түсіріп, иегін кеудесіне тигізеді, демін ауыз арқылы
шығарады).
Ал, әзірге бұлттарды қуамын (қолдарын айналдырып, қимылдар жасайды).
3-4 рет қайталайды.
Достарыңызбен бөлісу: