1
65
Тақырыбы:
Ұшқыштар
Мақсаты:
көз мөлшерін, қолдары мен аяқтары
қимылдарының үйлесімділігін дамыту.
Міндеттері:
2 метр қашықтықтан көлденең нысанаға
лақтыру, көзбен мөлшерлеу, лақтыратын қолға сәйкес келетін
аяқты жылжытып қою қабілетін дамыту. Құрсаудан-құрсауға
қос аяқтап секіру, қолды төменге және алға қимылдатып,
аяқтың қозғалысымен үйлесімді әрекет ету, жерге тізені сәл
бүгіп, аяқтың ұшымен жеңіл түсу қабілетін дамытуды
жалғастырамыз. Жүру мен жүгіруді бір-бірімен кезектестіріп
орындау, тез қарқынмен жүгірген кезде дене корпусын дұрыс
ұстау қабілетін (денені қозғалыс бағытына қарай аздап
еңкейту, иықтарды бос ұстау және алға қарау) қалыптастыру.
Ептілік пен үйлестіру қабілетін дамыту; отансүйгіштікке
баулу, жеке тұлғаның әлеуметтік дағдыларын
қалыптастыруды жалғастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |